Қарағандылық судья 9 жылға сотталды

Есдәулет Қызырбекұлы

  • 10.08.2021

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ержан Ғабдуллин 9 жылға сотталды.

«Ғабдуллинге қатысты сот қабылданған анттың бұзылуын ауырлататын жағдай деп таныды және жасалған қылмыстар сот билігінің беделіне нұқсан келтіретінін ескерді. Осыған байланысты сот тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды әділ деп тапты», - делінген Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Ғабдуллиннен бөлек, «Оливия» ЖШС заңгері Е. Кантер-Скрипкина үш жылға сотталды.

Екі айыпталушыда өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Ержан Ғабдуллинға ҚР Қылмыстық Кодексінің 190 бабының 3 тармағының 1 тармақшасы (алаяқтық) және 367 бабының 2 тармағы (пара беруге итермелеу) бойынша айып тағылған. Ал Кантер-Скрипкинаға Қылмыстық Кодекстің 23 және 367 баптары бойынша айыпталған.

«Ғабдуллин мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып жүріп алаяқтық жасады. Ол алдау арқылы «Оливия» ЖШС ісінде өзге судьяның шешіміне әсер етемін деп Кантер-Сприпкинадан 10 мың еуро және 3 млн теңге пара алған. Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, бейнежазбалармен, сот сараптамаларының қорытындыларымен расталды», - делінген мәлімдемеде.

 

 

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

"Қарыз алып, қайтармады": Жолмановаға қатысты сот жалғасып жатыр

14.05.2025

"Адам зорлауға оқталды". Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

12.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

Қарқаралы орманында алапат өрт болды

28.04.2025

Бишімбаев ісін қараған судья жаңа іске кірісті

22.04.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: судья ескерту жасады

"Қарыз алып, қайтармады": Жолмановаға қатысты сот жалғасып жатыр

"Адам зорлауға оқталды". Қарағанды облысында ауыл әкімі қамауға алынды

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

Қарқаралы орманында алапат өрт болды

Бишімбаев ісін қараған судья жаңа іске кірісті