Қорғаныс министрлігі ескертеді: әскери техника тасымалданады

Қорғаныс министрлігі жақын арада түрлі әскери техника тасымалданатынын ескертті. Бұл жауынгерлік дайындық,- деп хабарлады баспасөз қызметі.

Malim Админ

  • 11.08.2023

Әскери техника маршпен және теміржол арқылы жөнелтілмек. «Әскерді даярлау жоспары аясында жауынгерлерді даярлау сабақтары өтуде. Бөлімшелер әскери техникада маршпен және теміржол арқылы республикадағы оқу-жаттығу полигондарына жіберіліп, практика жүзінде жауынгерлік дайындық тапсырмаларын орындайды және оқу-жаттығулар түнде де өткізіледі», - деді департамент.

Сондай-ақ олар бөлімшелердің тапсырма орындаудағы үйлесімділігі мен қабілетін, әскери қызметкерлердің дайындығын және командирлердің бөлімшелерді басқару қабілетін бағалайтын болады.

«Осыған байланысты біз азаматтардан әскери техникаға байланысты қауесетке сенбей тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз», - деп толықтырды Қорғаныс министрлігі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысындағы Орал-Ақсай тас жолы бойымен Ресейге әскери техника тасымалданғаны туралы ақпарат тарағанда Қорғаныс министрлігі ақпаратты жоққа шығарып, бұл техникалар үшінші елдің меншігі екенін және халықаралық келісімдер аясында Қазақстан аумағы арқылы Ресейге жоспарлы жөндеуге өткенін айтқан болатын.

Ал 2023 жылдың ақпанында Украинаға әскери техника жөнелтілгені туралы әлеуметтік желілерде пайда болған ақпаратты да Қорғаныс министрлігі видеоның ескі, мұрағаттан алынған деп жоққа шығарған.

Байланысты жаналықтар

Тегін оқуға грант алған әскери қызметшілердің тізімі жарияланды

22.10.2024

Шымкенттік бозбалалар әскерге аттанды

02.10.2024

Аягөзде өзіне қол салған офицер туралы тың дерек шықты

20.09.2024

Олимпиадада жанкештілігімен көзге түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы елге оралды

09.08.2024

Жартыжылдық қорытындысы: армияны жаңғырту, әскери жаттығулар және бітімгерлік қызмет

07.08.2024

Голан жотасында қазақстандық жауынгерлерге қауіп жоқ – Қорғаныс министрлігі

28.07.2024
MalimBlocks
Тегін оқуға грант алған әскери қызметшілердің тізімі жарияланды

Гранттарға 2023 жылдың күзінде әскерге шақырылған 17 927 сарбазы үміткер болды

Шымкенттік бозбалалар әскерге аттанды

Аягөзде өзіне қол салған офицер туралы тың дерек шықты

Оның жұмысқа орналақанына 13 күн ғана болған

Олимпиадада жанкештілігімен көзге түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы елге оралды

Malim.kz тілшісі спортшыдан Олимпиададан алған әсерін сұрады.

Жартыжылдық қорытындысы: армияны жаңғырту, әскери жаттығулар және бітімгерлік қызмет

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан Қорғаныс министрлігі жауынгерлік даярлық жоспары шеңберінде белгіленген барлық міндеттерді орындады.

Голан жотасында қазақстандық жауынгерлерге қауіп жоқ – Қорғаныс министрлігі

Қазір онда қазақстандық 139 жауынгер бар