Сайлау жүйесіндегі өзгерістер жаңа бастамаларға серпін берді

  • 25.06.2023

Жаңа Қазақстанда саяси жүйе түбегейлі өзгеруге тиіс. Бұл – Қазақстан халқының талап-тілегінен туындап отырған мәселе. Оны жүзеге асыру үшін еліміздің Конституциясы – Ата заңымызға өзгерістер енгізілуі заман талабынан шықты. 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгертулер енгізуге орай референдум өткізу туралы ұсынысы Ата заңымыздың жаңаша сипатқа ие болатындығын көрсетті. Бұл – еліміздің болашағы үшін жаңа қадам болды. 2022 жылы 5 маусымда өткен бүкілхалықтық референдум арқылы мемлекет басшысы  бүкіл елді жаңа және әділетті Қазақстанды бірге құруға шақырды. Себебі бұл өзгеріс халқымыздың болашағы үшін қажет еді.

Бұл саяси науқанға Түркістан жұртшылығы өте белсенді түрде атсалысты. Нәтижесінде сайлаушылардың 81 пайызы дауыс беруге қатысып, республика көлемінде референдумға қатысушылар санынан Түркістан облысы бірінші орынға шықты.  Өңір жұртшылығы саяси реформалардан үлкен үміт күтетіндерін аңғартты. Екі миллионнан астам тұрғыны бар өңірде 1 млн. 163 мыңдай адам референдумға қатысуға құқылы болса,  оның 940 мыңға жуығы референдум учаскелеріне келді. Дауыс беру жағынан Бәйдібек, Отырар, Созақ пен Төле би аудандарының тұрғындары ерекше белсенділік танытты.  6500-ге жуық байқаушы жұмыс істеді. Референдумға дайындық жақсы жүргізілді. Қоғамдық штаб құрылып, халықпен 2800-ден аса кездесу өткізілген. Оған 288 мыңнан астам тұрғын қамтылды.

     Референдум – дауыс берудің  ең демократиялық түрі әрі тікелей халықтың еркін білдіреді, ел пікірімен санасудың ең жоғарғы сатысы. Референдум арқылы өткізілген  Конституциямызда ешқандай тармақта, не бапта  Президенттің өкілеттігіне артықшылық көрсетілмеген, қайта Суперпрезиденттік  басқарудан біртіндеп көшіп  ықпалды Парламент мәртебесін көтеру, Президенттің өз өкілеттігі тұсында партиядағы  мүшелігі тоқтатылуын заңда қарастыруы   Президенттік өкілеттілікке үстемдік беруден бас тартқанын көрсетеді. Әділ шешім, бүкіл азаматтық қоғам институттарына  бірдей әділ  көзқарас.  Әділ көзқарас болған жерде әділдік принциптері жұмыс істейді. Сонда ғана ел сеніп, көшбасшы соңынан ереді. Жеті жылға бір рет қана сайлану, өкілеттігі тұсында ешбір партияда болмауы және Президенттің жақын туыстарына  саяси лауазым иеленуге тыйым салыну жөнінде  нағыз әділдік сипат бар.

     Елімізде өткен референдум қоғамның саяси жүйеде  жаңа өзгерістерді қажет ететінін, сұранысын айқындады. Негізі мемлекет мықты болу үшін мемлекет пен қоғам арасындағы алшақтықты азайту керектігін сарапшылар әлдеқашан  дәлелдеп қойған. Шешу тетіктері де белгілі. Ол қоғам мен билік арасындағы диалогты  нығайту. Әсіресе жұртшылыққа ұнамайтыны  тамыр-таныстық мәселесінің белең алуы. Тамыр-таныстық түбегейлі толығымен жойылған  кезде ғана  сыбайлас жемқорлықтың да тамырына балта шабылары  сөзсіз. 

     Сайлау – саяси науқан. Жарқын болашақтан үміттенетін кез келген адамның сайлауға барып, таңдауын жасауы – маңызды. 2022 жылы өткен Президент сайлауы еліміздің болашағы үшін маңызды және көпшіліктің дауысымен шешілетін мәселе еді. Осындай кезеңде бізге елдің қамын ойлайтын нағыз көшбасшы қажет. Өйткені халық қашанда әділ сайлау мен әділетті сенімді жақтайтынын білеміз.

     Ел тарихындағы елеулі кезеңнің бірі – 2022 жылы 20 қарашада өткен Президент сайлауы. Біз ата-анамыздың сайлауға барамыз деп айтқанын естіп, дауыс береміз деп ерте тұрып барғанын көріп өскен кешегінің баласымыз. Бұл сайлауда, халқының қамын жейтін, елім десе жан салатын көшбасшы сайлау – біздің ертеңгі тату-тәтті, ашық аспан астында емін-еркін жұмыс істеп, өмір сүруіміздің кепілі бола отырып және де Қазақстанның тұрақты дамуы үшін қажет болатын. Бізді алдымен референдум, сосын Президент сайлауынан кейін үлкен өзгерістер күтіп тұрды. Парламент, жергілікті мәслихат сайлаулары мен Үкімет құрамын қайта жасақтау секілді ауқымды шаралар күн тәртібінде тұрды. Осының бәрі демократия жолымен, әділ сайлау арқылы жүзеге асырылатынына біздер – жастар үлкен сенім білдірдік. Біздің, еліміздің болашағы – біздің қолымызда!  

     Сайлау – елді дамудың даңғыл жолына бастайтын, жаңа серпін беретін саяси науқан. Қоғамның бірлігі, мемлекеттің тұрақтылығы, елдің кез келген ішкі және сыртқы мәселелерге дұрыс жауап бере алу қабілеті тек қана теңдестірілген және тұрақты саяси жүйе жағдайында ғана қамтамасыз етіледі. Мемлекетіміздің барлық азаматтары өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын осындай жауапты саяси науқанда танытуға міндетті еді және әсіресе жастар жағы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына ұйымшылдықпен қатысып, өз елінің болашағы үшін таңдауын жасаған болатын. Қазақстан Республикасының 2022 жылы 20 қарашада өткен кезектен тыс Президент сайлауы бұл Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері өткізілген жетінші президенттік сайлау және 1999 жылдан бері қатарынан алтыншы кезектен тыс сайлау болмақ.

  Мемлекет басшысы Парламенттің кезекті сессиясында халыққа жолдауында айтқандай: «Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа жаңа, әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс» - деп өз сөзінде нақты жеткізді. Яғни, Президенттің кезектен тыс сайлауы, мемлекетіміздің оң өзгерістерге ұласып дамуына өте үлкен үлес қосты.

Сайлау – азаматтардың саясат пен мемлекеттік басқаруға атсалысуының ең көлемді әрі нақты нысаны. Негізінде сайлау демократиялық қоғамда мемлекеттік жүйенің тиімділігін арттырады, үкімет пен басқарушы саяси партияның саясатын бағалайды, мемлекеттің қызметіне қоғамның бақылау жасауына мүмкіндік береді, саяси жанжалдың алдын алады. Осы міндеттер атқарылуы үшін сайлау жалпыға бірдей, тең және ерікті түрде өтуге тиіс. Президент сайлауы біздің еліміздің бірлігі мен тұтастығының, азаматтық қоғамның айнасын айшықтайтын күн болды десек артық айтқандық емес. Бұндай шаралар елімізге жаңа серпін әкеліп ғана қоймай, жастардың жаңа бастамаларына, болашаққа нық қадам жасауға үлкен мүмкіндік береді.

 Біз – байтақ елдің ұрпағымыз.  Шыны керек, халық нақты іске көшетін кезді көптен күтті. Ел азаматтары жаңаруды қалайды. Халық сайлаудан көп үміт күтті, онысы қазір жүзеге асып та жатыр. Осы орайда, болашақтың жарқын гүлденуі – біздің қолымызда деп айтар едім. Сол үшін отандастарымды тұтас мемлекеттің жауапкершілігін сезініп, кез келген саяси науқанға белсене қатысуға шақырамын!

Балнұр ОСПАНОВА,

«Сарыағаш» аудандық

қоғамдық-саяси газетінің тілшісі,

әлеуметтік ғылымдар магистрі

Байланысты жаналықтар

Камала Харрис: «Трамп - тұрақсыз әрі билікқұмар адам»

30.10.2024

Washington Post газетінен 200 мыңнан астам оқырман бас тартты

30.10.2024

Пуэрто-Рико архиепископы Трамптан кешірім сұрауды талап етті

29.10.2024

Тбилисидегі митинг: оппозиция жаңа сайлау өткізгелі жатыр

29.10.2024

АҚШ-тағы сайлау. Харрис шіркеуде, Трамп Мэдисон-сквер-Гарденде жүр

28.10.2024

Грузиядағы парламент сайлауында билік партиясы жеңіске жетті

27.10.2024
MalimBlocks
Камала Харрис: «Трамп - тұрақсыз әрі билікқұмар адам»

Ал Трамп «Камала бізді ұятқа қалдырды» деді

Washington Post газетінен 200 мыңнан астам оқырман бас тартты

Себеп – газет президенттікке үміткерлердің ешқайсына қолдау көрсетпейтін болды

Пуэрто-Рико архиепископы Трамптан кешірім сұрауды талап етті

Мэдисон-сквер-Гардендегі митингте әзілкеш Тони Хинчклифф Пуэрто-Риконы «қалқымалы қоқыс аралы» деп атаған еді

Тбилисидегі митинг: оппозиция жаңа сайлау өткізгелі жатыр

Сайлау нәтижесінде «Грузин арманы» партиясы билікте қалған болатын

АҚШ-тағы сайлау. Харрис шіркеуде, Трамп Мэдисон-сквер-Гарденде жүр

41 миллионнан астам адам сайлау учаскелерінде немесе пошта арқылы жеке дауыс берген

Грузиядағы парламент сайлауында билік партиясы жеңіске жетті

Оппозициялық партиялар наразылық ұйымдастырмақ