Шымкентте әлеуметтік жұмыс орындарын құру тоқтамайды

Жұмыспен қамту мәселесінің маңызы коронавирус келгелі тіпті арта түсті. Сондықтан, Шымкенттегі жұмыспен қамту орталығы жыл басынан бері ғана 22 ұйыммен келісім-шарт жасап, 87 азаматқа жұмыс тауып берген.
Әлеуметтік жұмыс орындарын құру ісі ары қарай да жалғасын табады. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде жүзеге асырылатын жұмыспен қамту мерзімі 12 айға дейін. Бұл әлеуметтік жұмыс дегеніміз – халықты жұмыспен қамту орталығымен шарттық негізінде, олардың еңбекақысын субсидиялау арқылы қамтылатын жұмыс орындары.
Еңбекақы ретінде берілетін субсидияның мөлшері - салық, міндетті әлеуметтік аударым мен экологиялық үстемақының төлемдерін есептемегенде, пайдаланылмаған еңбек демалысының өтемақысын ескере отырып, белгіленген еңбекақы мөлшерінің 35% құрайды. Бұл қаржы «Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңында айқындалған ең төменгі еңбекақы мөлшерінен аспайды.
Әлеуметтік жұмысқа орналасу үшін жұмыссыз азаматтар тіркелген мекенжай бойынша жұмыспен қамту орталығының тиісті бөлімшесіне келесі құжаттарды тапсырады:
- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болған жағдайда);
- міндетті түрде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуын растайтын құжаттың көшірмесі.
Айта кету керек, былтыр осы бағдарлама бойынша Шымкентте 356 адам жұмысқа жолдама алған. Биыл орталық тарапынан 200 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Дегенмен, бұл жоспарды артығымен орындауға мүмкіндік бар, өйткені, жыл басынан бері ғана 87 азаматты жұмыспен қамтыған орталық, жыл аяқталғанша бұл көрсеткішті еселеп арттыруы да мүмкін.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сайга под прицелом: что делать с тушами?
Чиновники правительства сдались под натиском группы предпринимателей, желавшей отмены моратория на отстрел сайги. С 2024 года убивать сайгу станет можно. Руководство Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭПР объясняет это решение достижением довольно большой численности стад сайгаков.