Желіде Мөлдір Мұқанованың Жанар Байсемізге берген подкаст-сұхбаты әлі де қызу талқыланып жатыр. Көпшілік арасында бұрынғы әйелі ретінде Тұрсынбек Қабатов туралы айтқан әңгімесінен бөлек, айта алмаған немесе жасырып қалған жайттар бар деген пікірлер тарады, деп хабарлайды Malim.kz.
Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі Мөлдірдің сұхбатта барлық шындықты ашпағанын айтып, өз болжамымен бөлісті:
"Подкаста бәрін толық айтқан жоқ. Көп нәрсені жасырды. Тұрсынбек бірнеше ай бойы жоғалып кеткенде, оның қазіргі жары Тұрсынбектің атынан талай той қабылдап, алдын ала төлем алып жүрген. Кейін бұл қарызға айналып, несие сұраушылар Мөлдірді іздеп, қорқытып, тіпті балаларын аңдыған. Ақыр соңында барлық қарызды Мөлдірдің өзі жапқан. Сондықтан "кино үшін айтып жатыр" деген пікірлердің бәрі негізсіз", – деп жазды ол.
Алайда пікір білдірушілердің арасында бұл сөздерге сенбейтіндер де бар. Кейбіреулер Мөлдірдің әрекетін эмоциялық манипуляция деп бағалап, оның айтқан кейбір детальдарына күмән келтіруде.
"Мөлдірдің сөздерінде шындық аз. Бәлкім, өзі кеткісі келген шығар. "14 жыл бойы шыдап жүріп, бір күні секірмек болдым" дегені сенімсіз естіледі. Егер шынымен сондай жағдайда болса, ол әлдеқашан кетер еді. Бәлкім, қорқытып қайтарудың тәсілін қолданған шығар", – деп жазған желі қолданушыларының бірі.