Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Түркістан облысындағы жанжал 19 жастағы жігіттің өлімімен аяқталды

Оқиға
Түркістан облысындағы жанжал 19 жастағы жігіттің өлімімен аяқталды
Фото: видеодан кадр

Түркістан облысындағы көлік жуу орнына бару қайғылы оқиғамен аяқталды. Кезекке қатысты шыққан кикілжің қанды төбелеске ұласып, салдарынан бір адам пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Ақылға сыймайтын бұл оқиға Төле би ауданының Зағамбар ауылында болған. 21 жастағы Сұлтан Оразгелді өзіне-өзі қызмет көрсететін көлік жуу орнында көлігін жуып жатқан. Сол жерге тағы екі клиент келіп, арада ұрыс басталған.
Жәбірленуші Сұлтан Оразгелдінің айтуынша, олардың ниетінде төбелес мүлде болмаған.
«Олар артымыздан келіп, бірден дөрекі сөйлей бастады, боқтық сөздер айтып, "Кетіңдер бұл жерден!" деп зіркілдеді. Мен болсам: "Аға, неге ұрысасыз? Біз қазір кетеміз ғой" деп жауап бердім. Аға-інілерімді де оларды сабырға шақыру үшін ғана шақырған едім. Бірақ олардың бірі кенеттен пышақ алып шығып, Мағжанға... дәл жүрегіне сұғып алды. Мені де бірнеше рет ұрды. Есімді жиып, басымды көтергенімде, біреуінің үлкен ағамды ұстап тұрғанын көрдім. Ал кіші інім Мағжан... қозғалмай, қанға боялып жатыр екен...» – дейді Сұлтан.
Төбелес барысында 19 жастағы Мағжан жүрек тұсынан алған соққыдан оқиға орнында қаза тапты. Ал Сұлтанның өзі аяғы мен ішінен көптеген пышақ жарақатын алған. Жас жігітті дәрігерлер дер кезінде ауруханаға жеткізіп, ота жасап үлгерді. Қазір оның жағдайы тұрақты деп бағалануда.
Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі күдікті ұсталды. Ұсталғандарға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Аталған факті бойынша "Кісі өлтіру" және "Кісі өлтіруге оқталу" баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында», – деп хабарлады ведомстводан.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу