Тауға шығушылар маршрутын алдын ала бекітуге міндеттеледі
Тауға шыққанды ұнататын туристер ендігіде арнайы орындармен алдын ала келісіп, маршрутын бекітуге міндеттелмек. Бұл ең алдымен туристің қауіпсіздігі үшін маңызды.

Тауға шығу – демалыс қана емес, бұл ең алдымен спорт. Жай ғана спорт емес, қатерлі спорт. Сол себепті де онымен таңдаулы адамдар айналысады. Дегенмен, адамды «тауға шығуға жарайтын», «тауға шығуға жарамайтын» деп бһлуге келмейді. Бәрі бір күнде бола салмайтыны түсінікті, дегенмен, қалыптасып, физикалық дайындығын шыңдаудан бөлек, таудың қыр-сырын, қауіпсіздігін меңгеріп болғанша, қауіпсіздік шараларын сақтау, абайлау өте маңызды. Бұл тек жаңа келген адамдарға ғана емес, қалыптасқан спортшыларға, тауға шығуды сүйетіндерге де қатысты.
Біз «тауға шығып адасып кетіпті» деген ақпаратты жиі естиміз. «Қар көшкінінің астында қалыпты»; «үсіп кетіпті» деген суыт хабарлар да естілмей тұрмайды. Осының бәрі тәжірибесіздіктен немесе қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан. Жаңа айналысып жүргендер білместікпен осындай кепке түссе, бұрынна айналысып жүргендер өз қызығушылығы үшін немесе қасақана тәуекел етіп, тыйым салынған аймақтарға шығып кетеді. Осының бәрінің арты қайғылы жағдайға әкелеіп жатады немесе құтқарушылардың арқасында аман қалыпты дегенді естиміз.
Бір сұрақ туындайды: Не істемек керек? Әрине, арнайы бекітілген маршруттар бар. Бұл қарапайым туристер үшін. Арнайы тауға (шыңға) шығарумен айналысатын компаниялар да бар. Бірақ, туристер мен спортшылар олардың қызметіне ылғи да жүгіне бермейтіні тағы белгілі. Демек, талаптарды қатаңдатып, тәртіпті күшейте түсу керек. Бір қарағанда, «құтқарушылар дың арқасында аман қалды» деген сөз құлаққа жылы естілгенмен, оның артында қаншама тәуекел, қаншама әуре-сарсаң тұрғанын елестетіп көріңізші. Мәселен, құтқарам деп жүріп, өзі де қатерге ұрынып, қазаға ұшыраған құтқарушы аз ба? Қалай дегенде де, құтқарушылар әр сапарға шыққан сайын нағыз қауіп-қатердің апанына баруға мәжбүр болады. Адам қатерге ұрынған, тыйым салынған аймақ, бірақ, бармасқа тағы бомлайды. Олардың қолында қатерге жушар болған туристің ғана емес, отбасының, жақындарының, жостарының тағдыры тұр. Оның сыртында осы бір құтқару операциясы үшін қаншама уақыт, қаншама шығын кететінін есептемей-ақ қояйық. «ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» деген қағида мен «Сақтансаң сақтаймын» деген ескертуді негізге алғанна жақсысы жоқ.
Тегіс жерде 2 балдық жер сілкінісі онша білінбегенмен, таудың ұшар басында, қар құрсап жатқан таулар мен мұздықтарда бұл бірнеше есе қатты әсер етеді. Қар көшкіні, мұз жарылуы сияқты қауіп-қатерлер орын алуы мүмкін. Сол себепті, таулы аймақтарда, оның ішінде халық көп шоғырланған Алматы маңындағы тау-шатқалдарға шығушылар үшін таудың мінезін ғана емес, сейсмикалық тұрақтылықтан да хабардар болған ләзім.
Төтенше жағдайлар министрі 2022 жылғы халыққа берген есебінде Іле Алатауының туристер үшін ерекше екенін айтып, адам көп баратындықтан, бұл жақта қауіпсіздік шараларын сақтаудың өте маңызды екенін айтқан. Және Алматының үстіндегі Үлкен Алматы көлі бастаған бірнеше су қоймалары бар. Олардың қауіпсіздігі қашан да назарда болуға тиіс. Оны сақтау үшін, әрине, жөндеу, жаңарту жұмыстары жүргізіліп тұрады. Су тасыған жағдайда, сел орын алған жағдайда бөгендердің оны тоқтатып қалу мүмкіндігі ылғи да есептеліп, селеніп отыруға тиіс. Мәселен, биыл Үлкен алматы көлінің айналасында жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
«Әлбетте, Іле Алатауы алматылықтар мен көптеген өзге де туристердің ең сүйікті орындарының бірі, дегенмен, қазір бұл аймаққа бару қауіпсіз емес. Осыған байланысты азаматтарға Үлкен Алматы көліне баруды құрылыс жұмысы біткенше кейінге қалдыра тұруға шақырамын», - деп ескерткен.
Әрине, жол бойында арнайы бекет қойылғарн, ары қарай өткізбейді. Құрылыс жұмыстары кезінде құрылыс үшін түрлі шаралар қолданылады, соның бәрі қатерсіз өтеді деп айту тағы мүмкін емес. Бұл тауға шыққанда алдын ала есепке алатын тағы бір жайт.
Тауға шыққанда барлық адам душар болатын бір жағдай бар, ол, әрине, «телефон ұстамайды екен». Яғни, ұялы байланыс қолдану мүмкін емес. Интернет айтпаса да түсінікті. Дегенмен, оның бір шешімі бар болып шықты. Туристік маршрутты алдын ала дайындау. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Юрий Ильин Алматыға жұмыс сапарымен келгенде айтты. Оның айтуынша, мамандар арнайы жоба дайындап жатыр. Жоба бойынша, таулы аймақтардағы туристік маршруттарды электронды негізде алдын ала белгілеп, оны арнайы мамандар мақұлдаған соң, туристерге рұқсат беріледі.
Табиғи өрттер, көшкін қаупі бар кезең мен су тасқынынан туындаған төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға бағытталған жұмыстар жыл он екі ай тоқтамайды, бұл климаты құбылмалы Алматы айналасында тіпті маңызды. Жазы ыстық, қысы қаһарлы таулы аймақ қай кезде де жіті бақылауда болуға тиіс. Десе де, салыстырмалы түрде құбылмалы климаттың салдарынан Алматы өңірінде табиғи апаттар жиі орын алады екен.
Былтыр ғана президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министріне төтенше жағдайлардың санын азайту туралы тапсырма берген. Содан бері атқарылған шаруалардың бірі - бизнес-қауымдастықпен әріптестік орнату туралы бастама. Яғни, бизнес өкілдері жауапты ведомствоға төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектесуі тиіс.
«Біз маршрутқа шығатын барлық туристік топтарды Алматының ТЖ департаменті мамандарымен мақұлдауға және хабарлауға міндеттеу жөнінде заңнамаға өзгеріс енгізуге бастамашы болуға ынталымыз. Туризмді дамыту бойынша фронт-офистің құрылуын ескере отырып, топтардың қалай қозғалатынын бақылау үшін РЖҚЖ-дан туристік маршруттарды тіркеудің электронды нұсқасын тезірек іске қосу қажет», - дейді министр.
Мемлекет пен жеке кәсіпкерлердің әріптестігі барлық салада бар. Бірақ, дәл осы төтенше жағдайларға қатысты көп атала бермейтін. Туристерге қызмет көрсететін орталықтар әрине министрліктің рұқсатымен жұмыс істейді. Енді, олардың жұмысы тіпті де жақындай түседі. Себебі, олар өздерінің таулы аймақтарға сапарын алдын ала сызып, дайындайды және жекелеген туристердің маршрутын сызып беруге де көмектеседі. Өз кезегінде министрлік мақұлдаған соң, туристік сапар басталады. Алда-жалда бір жағдай бола қалса, қатердің алдын алуға немесе көмек көрсетуге мүмкіндік артады. Яғни, маршрут белгілі, құтқарушылар сол маршрут бойынша қимылдайды. Тиісінше, мүмкіндік те жоғары болады.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.