Тұрғындарды үйсіз қалдырған әкім сөгіс алды

Биыл осы мақсатқа 67 млн теңге жоспарланған, алайда тиісті жұмыстар  жүргізілмеген.

Malim Админ

  • 23.05.2023

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының отырысында Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаев сөгіс алды. Оған себеп - жақында болған өрттен 9 үйдің  жанып кетуі,  "тілсіз жаудың" алдын алу жұмыстарының  тиісті деңгейде атқарылмауы. Мәселен, қураған шөпті шауып, жою үшін бюджеттен жылда қаражат бөлінеді. Биыл осы мақсатқа 67 млн теңге жоспарланған, алайда тиісті жұмыстар  жүргізілмеген.

«Қала әкімі жұмысты дұрыс ұйымдастырмаған. Қураған шөп-қамыс дер кезінде шабылмаған. Осындай жауапсыздықтан тұрғындар баспанасыз қалды. Бар мүлкінен, құжаттарынан айырылды. Мұның алдын алуға болар еді, егер де жұмыс уақытында жүргізілсе. Арнайы қаржы бөлінбесе, ақша болмаса мен түсінер едім», - деді облыс әкімі Айдарбек Сапаров.

Естеріңізге салайық, 7 мамыр күні Петропавлдағы Береке ықшам ауданында қамыс жанып, арты алапат өртке ұласқан. 

Сол күні қатты жел тұрып, тілсіз жауды ауыздықтауға үш сағат уақыт кетті. 9 үй күлге айналды, тағы екеуіне зақым келген, олар қазір тұруға жарамайды. Салдарынан 11 отбасы үйсіз  қалды.

Осы оқиғаға қатысты Петропавлда жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізілді.    Бұл далада қалған отбасыларға Қазақстан  заңнамасы аясында келтірілген шығынды қысқа мерзімде өтеу үшін енгізіліп отыр.Қазіргі уақытта өрттен зардап шеккендер уақытша баспанада тұрып жатыр.

Тәуелсіз сарапшылар тұрғындарға келтірілген материалдық шығынның мөлшерін есептеп жатыр.

Байланысты жаналықтар

Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды

08.05.2025

Астанада «Шапағат» базары өртеніп жатыр

08.05.2025

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті

07.05.2025

ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтамағандар жауапқа тартылды

07.05.2025
MalimBlocks
Тоқаев көлік саласындағы кемшіліктер үшін Марат Қарабаевқа сөгіс берді

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды

Астанада «Шапағат» базары өртеніп жатыр

Базар аумағындағы бутиктердің бірі отқа оранған

Шымкентте 5 тонна сіріңке өртеніп кетті

ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтамағандар жауапқа тартылды