freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов желідегі дауға үн қатты

Шоу-бизнес
Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов желідегі дауға үн қатты
ашық дереккөзден

Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желіде қызу талқыланған Жүрсін Ерман мен Димаш Құдайбергеннің кездесуіне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесі ақынның қазақ мәдениеті мен өнеріне қосқан үлесін атап өтіп, жұртты бейнежазбаның мән-жайын толық білмей тұрып асығыс қорытынды жасамауға шақырды.

"Бәрі бітті, енді Жүрсін аға қалды ма? Қазақ өнерін Жүрсін ағамыз секілді түсінетін адам аз. Ағамыз соңғы кезде ауырыңқырап жүр. Аға, 100 жасаңыз. Көп парақшаларға айтарым, көрінген жаңалықтардың ақ-қарасын ажыратпай тұрып, 40-50 жыл ел үшін еңбек етіп жинаған абырой-беделін төкпейік. Керісінше, "ағамыздың жасын берсін Димашқа" деп неге жазбайсыздар?" – деп жазды Тұрсынбек Қабатов.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Жүрсін Ерман мен Димаш Құдайбергеннің кездесуі түсірілген видео тараған еді. Бейнежазба көпшілік арасында түрлі пікір туғызып, қызу талқыға түсті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу