freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Жүргізушілер үшін талап күшейеді: 25 тамыздан бастап жаңа ережелер күшіне енеді

Қоғам
Жүргізушілер үшін талап күшейеді: 25 тамыздан бастап жаңа ережелер күшіне енеді
pixabay.com

Қазақстанда 25 тамыздан бастап көлік құралын басқару құқығын тоқтатуға қатысты жаңа талаптар күшіне енеді. Өзгерістер 65 жастан асқан жүргізушілерге, мүгедектігі бар азаматтарға және мас күйде көлік жүргізуге байланысты қылмыстық ісі сот үкімінсіз тоқтатылған адамдарға қатысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Жаңа тәртіп бойынша 65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілер мерзімді медициналық тексеруден өтуге міндетті. Дәрігерлердің көлік басқаруға жарамдылығы туралы қорытындысы жол қозғалысы саласындағы цифрлық ақпараттық жүйеге енгізілуі керек.

Егер жүйеде жүргізушінің денсаулық жағдайы туралы тиісті мәлімет болмаса, оның көлік басқару құқығы уақытша тоқтатылуы мүмкін.

Медициналық қорытынды цифрлық жүйеге енгізілгеннен кейін жүргізушінің көлік басқару құқығы қайта қалпына келтіріледі.

Мас күйде көлік жүргізгендерге талап күшейеді

Өзгерістер мас күйде көлік жүргізуге қатысты қылмыстық ісі айыптау үкімінсіз тоқтатылған азаматтарға да қолданылады.

Мұндай жағдайда жүргізуші көлік басқару құқығын сақтап қала алмайды. Шешім заңды күшіне енген қаулы негізінде қабылданады және соттың қосымша үкім шығаруы талап етілмейді. Көлік басқару құқығынан айырылған азаматтар оны сегіз жылдан кейін ғана қайтара алады. Ол үшін жүргізуші медициналық тексеруден өтіп, жол қозғалысы ережелері бойынша теориялық емтихан тапсыруға тиіс.

Осылайша жаңа талаптар жүргізушілердің медициналық жарамдылығы туралы деректерді цифрлық жүйеде міндетті түрде тіркеуді және мас күйде көлік жүргізгендерге жауапкершілікті күшейтуді көздейді.

Өзгерістер 2026 жылғы 24 маусымдағы №326-VIII ҚР Заңында көзделген. Нормалар 2026 жылғы 25 тамыздан бастап күшіне енеді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда жүргізушілерге қатысты бірқатар жаңа талап енгізу ұсынылғаны туралы жазған едік. Өзгерістер 65 жастан асқан азаматтарға, мүгедектігі бар адамдарға және мас күйде көлік жүргізуге байланысты қылмыстық істері белгілі бір негіздермен тоқтатылған тұлғаларға қатысты болмақ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу