"Вакцина салдырмаған отбасының балалары вирус жұқтырып жатыр"

Malim Админ

  • 31.07.2021

Вакцина ағзада қандай да бір ауыр реакция тудыруы мүмкін бе? Вакцина репродуктивті жүйеге қалай әсер етеді? Балаларды аурудан қорғаудың жолы қандай? Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары вацинацияға қатысты өзекті сауалдарға жауап берді. Malim.kz мамандардың жауаптарын назарларыңызға ұсынып отыр.

– Вакцина ағзада қандай да бір ауыр реакция тудыруы мүмкін бе?

Алмаз Шарман, Профилактикалық медицина академиясының президенті, американдық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі:

– Вакцина коронавирустан жүз пайыз қорғамаса да, аурудың алдын алуға, вирусты жұқтырған күннің өзінде аурудың жеңіл өтуіне көмектеседі. Вакцина салдырғандарда өте сирек жағдайда аллергиялық реакция, тромбоз болуы мүмкін. Бірақ бұл вакцина салдырған 50 мың адамның бірінде ғана болуы мүмкін жағдай. Яғни мұндай ықтималдылық өте төмен, найзағайдың адамға тиюі тәрізді өте сирек кездеседі.

Ал енді вакцина салдырмаған адам ковид жұқтырса оның қауіп-қатері қандай? Әрбір бесінші адамда қан қоюланып, ұйып қалады. Оның ықтималдығы вакцина салдырғандармен салыстырғанда 1000 есе жоғары. Вакцина репродуктивті жүйеге теріс әсер етпейді. Керісінше, вакцина салдырмаған адамдарда бедеулік, түсік тастау сияқты ауруларға ұшырауы мүмкін. Бұл туралы жақында зерттеу шықты. Бұдан бөлек ковид жүрек, ойлау қабілетіне әсер етеді.

Ұжымдық иммунитет қалыптаспаса, вирус мутацияланып, вакцинаға төзімді варианттар пайда бола береді. Індет пен карантин шараларын тоқтатудың жалғыз жолы – вакцина салу.

–  Балаларды коронавирустан қорғаудың жолы қандай?

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ДСМ Ұлттық Фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева:

– Күзде балалар мен студенттер офлайн оқиды деп жатыр. Соңғы кездері балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында ковидті жұқтыру көрсеткіші артты. Негізінен ата-анасы вакцина салдырмаған отбасының балалары ауырып жатыр. Ересектер балаларды індеттен қорғаудың жолы – ұжымдық иммунитет қалыптастыру екенін ескерген жөн.  Қазір балаларға салуға рұқсат етілген вакцина елімізде жоқ. Сондықтан ересектер алдымен өздеріне вакцина салырып, ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы балаларды қорғай алады.

– Вакцина салдырғандардың арасында короанвирусты қанша адам жұқтырды?

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Саниятариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл:

– Мұндай мәліметті денсаулық сақтау министрлігі күн сайын жинайды. Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша, вакцина салдырған 7656 адам вирус жұқтырған. Олардың 3610-ы бірінші компоненттен кейін, 4046-сы екінші компонентті алған соң жұқтырған. Алайда пайыздық көрсеткішке шағып қарасақ, бұл болмашы көрсеткіш, 0.2 пайыз ғана.

Жоғары санатты инфекционист дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Сәуле Атығаева:

– Ауруханаға жастар түсіп жатыр. Қазір күніне жүзден астам адам қайтыс болып жатыр. Бұл біз күн сайын бес қабатты үйдің тұрғындарынан айырылып жатырмыз деген сөз. Қанша дегенмен 60 жастан асқан азаматтардың қайтыс болып жатқанын күн сайын естіп, етіміз үйренді. Бірақ 20-25 жастағылардың қайтыс болып жатқанын көру қорқынышты. Қайтыс болғандардың бәрі вакцина салдырмаған. Егер адамдардың қазасын тоқтамыз десек, вакцина салдыру керек.

 

 

Байланысты жаналықтар

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

06.12.2023

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

06.12.2023

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

04.12.2023
MalimBlocks
Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

Қазақстан нарығында жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін. Бұл жөнінде көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты. Ол бұл мәселе шетелдік әуе компания өкілдерімен талқыланып жатқанын жеткізді.

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған. 

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

Тексеріс барысында жіберілген қателер анықталды