Халықтың зейнетақы жинағы неге азайып жатыр?

Malim Админ

  • 18.04.2020

Соңғы күндері ел ішінде жинақтарының азаюына байланысты сұрақтар мен лаңдаушылық туып жатыр. Соған байланысты БЖЗҚ фейсбуктегі ресми парақшасында жауап берді.

"Соңғы күндері бізге – «Менің жинақтарымның сомасы неге азайып кетті?» – деген сауалдар көп қойылатын болып кетті

Мәселенің басын ашып алайық

Зейнетақы жинақтары – жарналар мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомасы.

Жарналар ешқашан азаймайды, олардың сақталуына мемлекет кепілдік береді. Жарналардың 3 түрі бар:
- міндетті зейнетақы жарналары (табыстың 10% )
- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (табыстың 5%, оны жұмыс беруші өз қаражаты есебінен еңбек жағдайлары зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына төлейді)
- ерікті зейнетақы жарналарын адам өз еркімен төлейді (ол кез келген сомада болады және төлеу кезеңділігін де өзі таңдайды)

Инвестициялық кіріс – зейнетақы жинақтары қаражатын инвестициялау нәтижесінде алынған табыс. Зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық Банкі басқарады.

Зейнетақы жинақтары әртүрлі қаржы құралдарына (бағалы қағаздар, шетелдік валюталар және т.б.) инвестицияланады, олардың құны әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан инвестициялық кіріс ұлғайып, азаюы мүмкін.

Инвестициялық табыс күн сайын есептелетін болғандықтан, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы да өзгеріп отырады. Сондықтан инвестициялық кіріс төмен болған кезде, зейнетақы жинақтарының сомасы азаяды, инвестициялық табыс жақсы болған кезде – зейнетақы жинағы да ұлғаятын болады.

Инвестициялау табыстылығын бірнеше күн сияқты аз уақыт емес, бір жыл тәрізді ұзағырақ уақыт үшін қарау керек екенін түсіну маңызды.

Жыл басынан бергі инвестициялық қызметтің нәтижелері оң үрдісті көрсетіп отыр - салымшылардың шоттарына 661,7 млрд теңгеден астам инвестициялық табыс есептелген. Ал бұл жыл басындағы көрсеткіштен 6% -ға және соңғы 12 айдағы табыстан 12% - ға жуық мөлшерге артық.

Құрметті салымшылар! «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сай сіздердің жинақтарыңыз тек сіздердің меншіктеріңіз болып есептеледі!", - делінген жазбада.

Байланысты жаналықтар

Олжас Бектенов: Мұнай-газ саласы халық игілігі үшін қызмет етуі керек

14.08.2024

Қазақстан халқының саны қаншаға өсті

01.08.2024

Венесуэлада халық президенттік сайлау нәтижелеріне қарсылық білдіріп жатыр

30.07.2024

Қазақстанда халықтың 76,2 пайызы жұмыспен қамтылған

30.07.2024

Зейнетақы қорынан тіс емдеуге тыйым салынады

25.07.2024

Су тасқыны: Бектенов үй сапасы үшін әкімдер жеке жауап беретінін ескертті

17.07.2024
MalimBlocks
Олжас Бектенов: Мұнай-газ саласы халық игілігі үшін қызмет етуі керек

Үкімет мұнай және мұнай өнімдері нарығын ырықтандыруға бағытталған реформалар жоспарлап отыр

Қазақстан халқының саны қаншаға өсті

Қазақстандықтардың басым бөлігі (12 573 637 адам) қалаларда, қалған 7 586 070 отандасымыз – ауылдық жердің тұрғындары.

Венесуэлада халық президенттік сайлау нәтижелеріне қарсылық білдіріп жатыр

Наразылық білдірушілер жолдың ортасына құрылыс қалдықтарын шашып, өртеп жатыр. 

Қазақстанда халықтың 76,2 пайызы жұмыспен қамтылған

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2024 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда 20 139 914 адам тұрады.

Зейнетақы қорынан тіс емдеуге тыйым салынады

Бұл шектеу 10 тамыздан бастап алты айға созылмақ.

Су тасқыны: Бектенов үй сапасы үшін әкімдер жеке жауап беретінін ескертті

Бүгінгі таңда 2 578 үй құрылысы мен 6 мың жылжымайтын мүлік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.