«Жайлы мектептер» озық білімге жол ашады

Ескіріп, апаттық жағдайға жеткен білім мекемелерін жою, сонымен бірге үш ауысымды мектептер проблемасын шешуде аталған жобаның берері мол.

Malim Админ

  • 21.07.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жайлы  мектеп»  отандық білім сапасын, оқу ошақтарының әлеуетін көтеретін ұлттық жоба. Жалпы саны сегіз жүз мың шәкірт алдағы үш жылда ауқымды бағдарламаның игілігін көреді. Ескіріп, апаттық жағдайға жеткен білім мекемелерін жою, сонымен бірге үш ауысымды мектептер проблемасын шешуде аталған жобаның берері мол.  Қазіргі таңда Үкімет пен жергілікті әкімдіктер «жайлы  мектептерді» салуды өз мойнына алып отыр.   Жемқорлардың заңсыз үптеген  қаржылары да қайтарылып,  мемлекет игілігіне  өтіп, мектеп құрылысына жұмсала бастады. 

 Қазіргі таңда аймақтарда ұлттық жоба іркіліссіз іске аса бастады. Мәселен, 2025 жылға дейін Талдықорған қаласында 4 «жайлы мектеп» қолданысқа беріледі. 4800 орынға шақталған мектептердің құрылысы қарқынды түрде жүргізіліп жатыр.    Білім ордалары  шаһардың қай бөлігінде бой көтереді? Талдықорған қалалық білім бөлімінің дерегіне сүйенсек,   900 орындық  мектеп «Жастар - 2» ықшам ауданында салынса, 1200 оқушыға лайықталған оқу ордасы «Көктал» ауданында орын теппек. «Шығыс»  ауданының балалары да «жайлы мектепте» оқуға мүмкіндік алады.  1200 орыны бар мектеп осы шағын ауданда орналасады деген жоспар бар.  «Батыс» ықшамауданында 1000 жарым оқушыға арналған мектептің негізі салынады деп күтілуде.  Мұндай мектептердің бір артықшылығы – бәрі де бірыңғай стандарт аясында бой көтереді. Білім мекемелері ғимаратының жеке блоктарында жоғары сынып және бастауыш сынып шәкірттері тәлім  алады деп көзделген. 

Еліміздегі ірі мегаполис Шымкентте 2022 жылы  43 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Білім ошақтары 24 800 орынға лайықталған.  Сәйкесінше, үш ауысымды мектептер бұрын  9 болса, олар  4-ке қысқарыпты. Ал  ыңғайластырылған мектептер  4-тен 3-ке түскен. Осы жылдың аяғына дейін  18 мектеп ел игілігіне беріледі.  Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің мәлімдеуінше, шымкенттік оқушылар енді үш ауысымды мектеп мәселесімен бетпе-бет келмейді. 

Халық тығыз шоғырланған Шымкент қаласы «Жайлы мектептермен» толықпақ.  Алдағы екі жыл ішінде  28 мың оқушы еркін сиятын 18 мектеп қолданысқа беріледі. Сонымен қатар,  Президенттің пәрменімен  екі бірдей   Оқушылар сарайының құрылысы басталып кеткен. Біреуі жақында  жас өрендерге есігін айқара ашты. Бұдан бөлек, 2029 жылы  5 өнер мектебі уығын тіктеп, керегесін кереді.  Оның сыйымдылығы 750 орындық дейді әкімдік өкілдері.  

«Жайлы мектептердің» басқа білім орындарынан бірнеше басымдықтары бар.  Жаңа нысандар  озық технологиямен жабдықталады. Робототехника кабинеттері, билогия, химия,  физика сыныптары оқушының кемел білім игеруіне жол ашады. Кабинеттердің барлығында да  touch – экрандар болады. Аталған мектептердің ғаламторға қосылу мүмкіндіктері зор, олар кез келген нүктеден әлемдік желіге қосыла алады. «Жайлы мектептер» мүмкіндігі шектеулі ұл-қыздарға да қолжетімді болмақ. Әкімдіктер ерекше қажеттіліктері бар шәкірттерге оңтайлы жағдайлар қарастырып, алаңсыз оқуына жол ашқалы отыр.

Айта кетейік, статистика бойынша елде 270 100 орын тапшылығы бар. Айталық, Алматы, Түркістан облыстары, Шымкент, Астана, Алматы    сынды үлкен қалаларда орын жетіспеушілігі негізгі мәселе саналады.  Тағы бір алаңдатарлық проблема оқушылар білім алып жатқан 710 мектеп ескірген.  Ұлттық жоба осы күрделі әрі кезек күттірмес қиындықтарды жоюға септігін тигізеді.      

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.