Астана туризм мен спорт бойынша көш басында

Олжас Қасым

  • 14.02.2024

Еліміздегі ірі мегаполис Астанада туризм мен спорт саласы өте қарқынды күшпен  дами түсуде. Кейінгі бес жыл ішінде туристер саны еселеп артып, инфрақұрылым жақсарып,  қонақүйлер көбейген.  Өткен жылы олардың саны  1 млн-ға жеткен болатын. Ал биыл жаз  мезгілінде бас шаһарға 40 000-ға тарта турист ат басын тіреген. Нәтиже айтарлықтай жоғары. Отандық туризмнің аясында мемлекет қазынасына 390 млрд-қа жуық теңге түсіп үлгерген.  Ал меймандар түскен қонақүйлер 183 миллиардқа тарта қаржы тапқан. Сарапшы мамандар бұл статистиканы рекордтық көрсеткіш санап отыр.  

Қала әкімі Жеңіс Қасымбек елордаға  сапарлап келетін туристер саны көбейген сайын өткізілетін  шаралардың көлемін де арттыру керектігін айтып келеді. Сонымен қатар, туризм саласының тамырына қан жүгірту үшін оны  көктем, жаз маусымдарында ғана емес, жыл он екі ай  іске  асырудың өзекті екенін алға тартып жүр. Себебі, қаланың қысқы келбеті де турист тартуға қолайлы. Астана бойынша халықаралық әуе рейстерінің ауқымын кеңейту, халықаралық ірі фестивальдер мен сайыстарды өткізу, шаһарды  туристерге бұдан да тартымды,  барынша  жайлы ету аса маңызды.   

Мегаполисте бүгінде  туризм саласында білікті  мамандар даярлайтын оқу орындары көбейе түсуде. Айталық, бас қалада экскурсия жасайтын гид қызметкерлерінің реестрі түзілген. Гидтер Туризм қауымдастығында тіркеуге алынған. Оларға  арнайы куәлік табысталып, туристік нысандардың бәріне ақысыз негізде  кіре алады. Жергілікті экскурсия жүргізуші мамандар қала тұрғындары мен қадірлі меймандарына саяхаттың бірнеше түрін ұсынады. Қазір туристердің басым көпшілігі  экскурсиялық автобустарға жиі отырып, қаламен жіті танысады. Қос қабатты экскурсиялық көліктер елордалық қонақтар мен жергілікті тұрғындарға қаланың көрікті жерлерін аралауға зор мүмкіндік береді. Алдағы уақытта елорданың тарихы тамыр тартатын  ескі қалада да экскурсиялық бағыттар іске қосылуға тиіс.  

Астанаға саяхаттап келген  шетелдік туристер әсіресе еліміздегі қызмет көрсету сапасына ризашылық білдіреді. Қала ішінде жүйткіген экскурсиялық автобустар қонақтарға өзгеше  көңіл-күй сыйлайды. Шаһардың көлік тізгіншілері мен экскурсоводтары  ана тілімізбен қатар  ағылшын тілін де жетік біледі.    Бұл өз кезегінде туристердің  қазақ елі  туралы  толыққанды  ақпарат  алуы үшін өте маңызды жайт.

Сарыарқа төріне Түркияның Адана қаласынан келген   турист Мехмет Октай жүгіруден өткен марафонға арнайы келіпті.    «Бір аңғарғаным  әсем қалада  шетелдіктер көп екен. Көпшілігі қазақстан астанасымен танысу мақсатында келгенін білдім.     Маған әсіресе Ханшатыр сауда ойын-сауық орталығы мен Экспо қалашығы ерекше  ұнады. Мейрамханаларыңыздағы қызмет көрсету жоғары сапада, ұлттық тағамдарыңыз ерекше дәмді.     Елдеріңізде  экономика қарқынды дамып жатқанын байқадым. Түбі бір халқымыздың бір ерекшелігі қонақжай көңілінде»,- дейді ол. 

Осы уақытқа дейін Мәдениет және спорт министрлігі Дене шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдамасын, сонымен қатар 2023-2029 жылдарға арналған Мәдени саясат тұжырымдамасын қабылдаған еді.  Негізгі мақсат – туризмді Қазақстанның экономикалық басым бағытына шығару. Қонақ үй һәм тамақтану қызметтеріндегі инвестициялық өсімді 260 млрд теңгеге дейін көбейту  көзделіп отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, жақында еліміздегі орташа өмір сүру ұзақтығы 74 жасты құрады. Бұл көрсеткішке астаналықтардың  бұқаралық спортқа деген айрықша құлшынысы да себеп.  Жаңа қоғамдық кеңістіктер бой көтеруде. Салауатты өмірге  шыңдайтын мұндай  бастамалар, іс-шаралар дәстүрге айналып, тұрғындардың денсаулығын ғана емес, ауызбірлігін де нығайтуға әсер етіп жатыр.

Ел президенті Қ.Тоқаев жол­дауларында спорт инфрақұрылымын кезең-кезеңімен салып,  бұқаралық және балалар спортымен айналысуға мүмкіндік жасаудың мәні мен маңызына екпін түсіріп келеді. Мемлекет басшысының тарапынан аталмыш салаға басымдық беру жайлы тапсырмалар біраздан бері  көтеріліп келе жатқаны баршаға белгілі. Атап айтар болсақ, дене шынықтыpу әзірлігінің, балалаp-жасөспipiмдеp клубтаpының, дене шынықтыpу және споpт аясында сабақтан тыс секциялаpды жүpгiзгенi үшiн мұғалiмдеpге базалық лауазымдық жалақының 100% мөлше­piнде қосымша ақы енгiзу өте маңызды болмақ.   

Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаевтың айтуынша, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығын табысты аяқтадық.   «2023 жылдың ірі спорттық жетістіктерінің қатарында боксшылардың әлем чемпионатындағы, Азия ойындарының айтулы жеңісін   айтуға болады. Астаналық спортшыларының панкратионнан әлем біріншілігінде және жасөспірімдер арасындағы ММА аралас жекпе-жектен әлем чемпионатында бақ сынауы  сәтті болды».

Жылдың екінші жартысы астаналық спортшылардың жарқын жетістігімен есте қалды деуге болады. Оған дәлел – әлем назарын аударған  Азия ойындары.  Қала әкімдігінің хабарлауынша, жарысқа астаналық құрама команданың 5 спортшысы джиу-джитсу және шахмат спорт түрлерінен сынға түсті. Команданың үлесінде қазір 1 алтын, 1 күміс және шахматтан қазақстандық қыздар құрамасы командалық қола жүлдеге қол жеткізді.

Азия ойындарында джиу-джитсу спорт түрінен бәсекеге түсіп, чемпион атанған елордалық  Нұржан Батырбеков ел қоржынына 10 алтынның біреуін салғанын білеміз. Сондай-ақ, жерлесіміз  Галина Дуванова күміс жүлдені қанжығасына байлады. Бұл Астанамыз үшін үлкен жетістік, бағынған биік асудың бірі.  

Байланысты жаналықтар

Биыл Қазақстанның қай қаласына турист көп келді

02.10.2024

Қазақстандықтар жазда Түркияда демалу бойынша биыл рекорд орнатты

29.09.2024

Маңғыстау облысында жаңа курортты қала салынады 

25.09.2024

Көшпенділер ойындары бюджетке 300 миллион теңге пайда әкелді

19.09.2024

Президент Зайсан мен Қатонқарағайда туризмді дамытуды тапсырды

02.09.2024

«Алғаш рет келуім...». Димаш Құдайберген Түркістанға барып таңғалды

14.08.2024
MalimBlocks
Биыл Қазақстанның қай қаласына турист көп келді

Қазақстандықтар жазда Түркияда демалу бойынша биыл рекорд орнатты

Ал ондағы демалыс 40%-ға қымбаттаған

Маңғыстау облысында жаңа курортты қала салынады 

Көшпенділер ойындары бюджетке 300 миллион теңге пайда әкелді

Дүбірлі доданы 250 000 көрермен тамашалаған

Президент Зайсан мен Қатонқарағайда туризмді дамытуды тапсырды

Мемлекет басшысы осындай демалыс аймақтарында сапасы жоғары жол инфрақұрылымы бар әуе бекеттері мен әуежайлар салу керек дейді

«Алғаш рет келуім...». Димаш Құдайберген Түркістанға барып таңғалды

Елдің осындай әдемі шаһарда тұрып жатқанын, еңсесі көтеріліп жатқанын көргеніме қуанып отырмын деді әнші