ӘУЕЗОВТЕР ӘУЛЕТІ. Жақындар мен жәдігерлер
Біз Әуезовтің көзін көрген адамдардан дәріс тыңдадық. Олар ұлы адамның жанында жүрген жалқы сәтін аңызға бергісіз ғып әңгімелейтін. Бейне бір мұхитта жүзген киттің жанында ілесіп жүретін ұсақ балықтар сияқты. Балықтардың бұл бірлестігінде табиғи түйсік пен тіршілік күресі жатқанын ғылым дәлелдеген. Осылай, өзара селбесіп өмір сүретін осы табиғат адамдарға да жат емес. Киттің маңындағы кішкентай жаратылыстар ұлылық туралы ойламайтын шығар, бірақ сол ұлылықты жаратылыс оларға дарытқан. Ал адамдар ұлылықты ұға алуымен – адам.
«Жақсы адамның көлеңкесі де жылы» дейтін даналық тегін емес. Әдебиеттегі әуезовтік маңдайға нелер сыймаған? Айналасы, жақындары – оның қамқорлығы мен саясында түлеп, қыран биікке қанат қаққан. Әуезовтің қазақтың маңдайына сыймай кете жаздаған шақтары да болған. Осындай кезде, аумалы-төкпелі заманда өмір сүріп, ақыл-ойын кезеңдік көзқарастардың қасаң талабына құрбан етіп, қазақты Абай деп алға сүйреген шақтарда өз айналасында қандай жайттар болып жатты? Кімдерден айырылды, кімдерді сақтап қалды? Былайғы бейбіт кезде немен айналысты? Үй іші, ұстаған заттары, жүйрік ат – мінген көлігі қандай еді? Жігіттің жеті қазынасының қатарындағы – жүйрік ат, берен мылтық, құмай тазы, қыран бүркіт Әуезовте болған екен. Бұлар туралы жұрт не біледі?
Бүгінде жасы 91-ге келген, Мұхтар Әуезовтің қолында өсіп, өмірге қанат қаққан көнекөз әже – Гүлнар Разаққызы Омарханованың уақытын алып, жоғарыдағы бірқатар сұрақтарымызға жауап іздедік. Қазақстанның еңбек сіңірген көз дәрігері, жазушының немере қарындасы: «Көзім нашар көреді, құлағым да ауыр еститін болған», – деп, тағдырдың тәлкегіне күліп алып, әңгімесін бастап кеткенде жады мұрағатын шаң баспапты. Гүлнар апа көргенін айтты, біз естігенімізді таспаға түсірдік, нәтижесінде қағазға түскен сұхбатты оқырманға ұсынып отырмыз.
***
Мені Мұхтар ағаның қолына бес жасымда Мәжит аға (Диханбаев) алып келген. 1933 жыл. Ол кезде Қазақстанда саяси қуғын-сүргін басталып, жаппай конфискация кезінде азаматтардың барлығы ұсталып кеткен. Сондай қиыншылық кезде Алматыға келдім. Мәжит Мұхтар ағаның жиені болады. Мұхтар ағам ол кезде Өзбек көшесінде (қазіргі Сейфуллин даңғылы) үш бөлмелі ағаш үйде, екінші қабатта тұратын. Сол жерге келіп, мені ағаға табыстайды да, кетіп қалады. Жеңгеміз Валентина Николаевна Семейден келген, ашаршылық көрген, жүдеген мені адам қылған кісі. Мен оның алдына басымды иемін! Ол кісі маған манный кашыны мөлшерлеп пісіріп, ептеп қана беріп отырушы еді. Аш өзегіне түсіп кетпесін дейтін болуы керек. Сөйтіп, Ләйлә екеуміз бірге өстік. Люся менен бір жас кіші. Мұхтар аға біз сегіз-тоғыз жасқа келгенде пианино алып берді және оқытушы етіп бір орыс әйелін жалдап, музыканы үйретеді. Сонан кейін екеумізді он үш-он төрт жасымызда музыка мектебіне апарады. Олар Люсяны алмай, мені ғана қабылдайды. Сонда Мұхтар аға «верблюд наступил на ее уши» деп күліп отыратын.
Мен сол мектепті бітірдім. Мұхтар аға Өзбек көшесінен кейін Калинин көшесіне көшіп келді. Сонда Мирзоян Мұхтар ағаға көп жақсылық жасады. Ол кісі 1932 жылы түрмеден шықты. Өзбек көшесіндегі, содан кейінгі Калинин көшесіндегі үйді берген де сол. Қазіргі Қабанбай батыр көшесіндегі үйдің үшінші қабаты болатын. Ол кезде Люся екеуміз бір бөлмеде жатып, қазіргі «Алматы» қонақүйінің орнында болған №10 мектепте оқыдық. Бізбен қатар А.Жұбановтың, Н.Оңдасыновтың баласы оқыды. Мені 7-кластан кейін Мұхтар аға фельдшерско-акушерский школаға берді. Келешегімді ойлап, білімді болсын деп. Оны бітірген соң, медицина институтына өз күшіммен түстім. Ол кезде Молотов атында болатын.
Ал Үміш апай ол кезде Разақ ақсақалдың қолында еді. Мен анда-санда барам, Үміш апай сол үйде жүретін. Үміш апайдың ешқандай білімі болған жоқ. Момын, ешкімде шаруасы жоқ, алып берген киімді киіп, берген тамағын ішіп жүре беретін. Ол әуелі Қабдеш (Әсіржанов) ағайға тұрмысқа шықты, одан кейін тағы бір кісіге күйеуге шыққан, аты есімде жоқ, бірақ онымен көп тұрған жоқ. Қайтадан үйге келді. Разақтың қолына, ол кезде ақсақал Меркіде тұрды. Қолында бала-шаға деген көп, әсіресе соғыс кезінде о кісінің үйінде кімдер болмады дейсің. Есімде, Қалибек Қуанышбаев, Серғали Әбжанов деген артист, тағы сондай талай адам келіп жүретін. Олар Разақ ақсақалдан көмек, ақыл сұрайтын. Міне, сондай кісіні 1946 жылы «халық жауы» деп ұстап кетті, оған себепкер болған адам өзіміздің жақын туысымыз еді, атын айтпай-ақ қояйын (кейуана күрсініп, ұзақ отырып қалды.) Он жылға соттап жіберді. Сондай қатықтай ұйып отырған үйдің шаңырағын шайқап кетті. Ақмолада сегіз жыл болып, екі жылын қысқартты. 1954 жылы шығып, әуелі Талғарда шешейдің қасында, содан соң Қарағандыға келіп, менің қолымда қайтыс болды. Ақсақалды түрмеге алып кеткенде Мансура деген апамыз Үміш апайды Мұхтар ағамның қолына алып келеді. Шешейді Хамит деген өзінің бауыры алып кетіп, Талғар жақта тұрды.
Бірінші сурет. Жалпы, Үміш апайдың мінезі шатақтау болатын (күледі). Орыс тілін білмейтін. Мені жақсы көретін. Ал Разақ ақсақалды қатты жақсы көруші еді. «Ағатайым, ағатайым!» деп, түрмеге алып кеткенде жылап отырушы еді. Үміш апай көп сөйлемейтін, жалпы, әңгімеге жоқ болатын. Дастарханда бірге отырамыз. Ол кісі самаурынмен жақсылап тұрып шайды құйғанда, қою, күп-күрең ғып Мұхтар ағам төрт-бес шыны ішеді, шайды керемет жақсы көретін. Бір шақпақ қантты төрт-бес шыны шай ішсе де, тістеп қана отырып соны бәріне жеткізетін. Сонда айтатын: «Сендердің тістерің ауыратын себебі – кәмпитті көп жейсіңдер», – деп. Ағаның өмірінде бір тісі ауырған жоқ, дәрігерге барған емес, жалпы, ол кісі тұмауратып та, сырқаттанып та көрмеген адам. Тек жүректен кетті ғой. Кунцеводағы дәрігерлер оның жүрегіне дұрыс тексеру жасамаған деп ойлаймын. Ал соларды өзі өлерінен бір күн бұрын жер-көкке сыйғызбай мақтап жүрді. Ақыры, осылай болды... Ол кезде менің әлі тәжірибем жоқ, жас маманмын. Ақыл-кеңес бере алмадым. «Оң қолым жансызданып тұр» дегені есімде. Біз жүрегіңізді тексертіңіз дегенде, «Жоқ, бәрі жақсы болады. Сендер жолдан қалмаңдар. Мен операциядан кейін осында бір ай жатам. Сосын, келесіңдер», – деп, алдағы жоспарларын айтып еді.
[caption id="attachment_3837" align="alignleft" width="300"] Үміш (Үмия) апа, Ләйла және Ернар. Семейде.[/caption]
Мұхтар Омарханұлы темекіні көп тартатын. Кабинеті таңертең түтін боп тұратын. Әсіресе жазу жазған кезде көп тартады. «Казбек» деген темекі. Мен талай барып әкелгем. Сонда айтатын: «Командировка окончена, загнал брюки, еду в кольсонах», – деп, соны өзі аударып күліп отыратын. Люся екеуміздің бөлмеміз о кісінің жұмыс кабинетімен шығатын (есіктес). Сол біздің жатқан бөлмемізді 1942 жылы К.Паустовскийлерге берді (жылдың басы болу керек, олар 1941 жылдың қазан-қараша айларында келді). Ол әйелімен және қисық аяқ «Фунтик» деп аталатын итімен келді. Москвадан алып келген. Біз көбінесе асүйде, кейде мен Мұхтар ағаның жұмыс кабинетінде жатып жүрдім. Ал Паустовский берген күміс қасық туралы естіген емеспін. Мұхтар аға екеуі үнемі әдебиет жайында әңгімелесіп отыратыны есімде. Кабинетті ысырмамен бөліп қойған, келген-кеткен адамдар кедергі жасамасын деп. Ол өзі «мелко характерный», аласа бойлы адам еді. Әйелі өзінен ұзын болатын. Адамгершілігі зор адам еді. Бірде күн суық болып, далада қолғабымды жоғалтып алғам, сонда ол өзінің қолғабын маған беріп еді. Оның бұрынғы күйеуі мен баласы да осында, «Дом советовте» тұрды, келіп-кетіп жүретіні есімде қалыпты.
Үміш апай арасында Бабыш ағаның да қолында тұрды. Мұхтар ағам қайтыс болғаннан соң Жәңгерей қолына алды, ол бұрынғы күйеуі Қабдеш (Әсіржанов) ағайдың ұлы. Шешеміз деп қолына алған... Үміш үй шаруасына араласпаған.
Екінші сурет. Мұхтар ағаның «Победа» деген машинасы болды. Ваня деген шофері болатын. Ұлты – орыс. Алғашқы машинасы, соны мініп жүретінбіз. Нөмірі есімде жоқ, оған қарамаймыз ғой. «Шоколад» түсті болатын. Ондай машина басқа ешкімде болған жоқ. Ленин орденін алған кезде сыйлыққа берілген. (1949 жылы 1-дәрежелі Сталиндік сыйлыққа ие болғаннан кейін сатып алған. Газ М-20 «Победа». Нөмірі: шв 50-43) Кейінгі «ЗиМ-ге» (Газ М-12. Нөмірі белгісіз) шофер болған – Мұхтар ағаның жиені, менің інім Акрам деген бала. Ол бірде жөндеу жұмысын жүргізіп жатқанда машина қозғалып кетіп, аяғын сындырып алады. Содан көп бейнет көрді. Бұл екі машинасы қайда кетті, кімдер алған, ол жағынан енді хабарым жоқ. Ал бильярд үстелін Төлебаевтағы үйге көшіп келгенде сатып алды. Әбділда мен Мұхтар Жанғалин келетін, солармен бильярд ойнайтын. Бірақ үнемі емес. Ол кісінің уақыты жетпейтін. Көбінесе Андреймен (Ахмет) ойнайтын, ол Мұхтар ағаның үйін, бағын қарайтын бағбан, күзетшісі – шешен Ахмет, біз оны солай атаушы едік. Бір жақсы адам болатын. Сол бильярд столының қайда кеткенін білмеймін. Ләйләнің кезінде болған... Машина Ләйләнің кезінде болған жоқ. «Дос» деген иті болды. Одан бұрын ит ұстауға мүмкіндік болған жоқ. Жаңа үйдің ішіндегі екінші қабатқа көтерілетін жердегі сатының астына байлап қоятын. Онымен Мұхтар аға серуендеп жүретін, көбінесе Андрей (Ахмет) қарайтын оған. Ал бүркіт болды. Оны біреулер берген ғой, бірақ ол көп болған жоқ, оған қарауға уақыт қайда... Ол жайында да көп ештеңе білмеймін.
[caption id="attachment_3838" align="alignleft" width="221"] М.Әуезов, Ы.Дүйсенбаев, шофері «Победа».[/caption]
Біз ол кезде баламыз ғой, көп нәрсені естімейміз, біле бермейміз. Мұхтар аға ішімдікті көп ішпейтін, аздап қана, онда да коньяк ішеді, Ә.Тәжібаев, Ғ.Мүсірепов, М.Жанғалин, М.Ғабдуллин т.б. қонақтар келгенде болмаса. Солармен бильярд ойнайтын. Сәбиттің келгенін мен көрген жоқпын. М.Жанғалин туған жеріне барғанда қайтыс болыпты, Қызылорданың жігіті еді. Әбділда екеуі елге барып, пойыздан түсіп, «моя земля» деп, еңкейіп жерден топырақ алған кезде дүниеден өтіпті. Ғажап адам болатын. (Л.Н.Толстойдың «Война и мирін» аударған.) Әйелі орыс болды, Нина Константиновна деген.
Үміш туралы көп ештеңе айта алмай отырмын. Үйде жүріп, кісілерге шай беретін. Жұмыс істеген кісі емес. Жаңа айттым ғой, үндемей ғана самаурыннан шай құйып, сүтпен қызартып тұрып Мұхтар ағаға шай беретін. Ол кісі жайланып, әңгімесін айтып отырушы еді марқұм. Кунцевода жатқанда үлкен букет гүл алып бардық. Аға серуендеп жүр екен. Маған сол кезде Мұхтар аға еңгезердей болып көрінді, үстінде сұр халаты бар, әдемі киінген. Бір қалтасында газеттер, екінші қалтасында қағаздар. Мен сұраймын: «Сіз мұнда да жұмыс жасап жүрсіз бе?» – деп. Сонда маған: «Гугайка, вы не дорожите своим временем, а мне каждая минута дорога», – деді ғой. «Түстен кейін Мұрат келеді» деді. Ол кезде Мұрат Москвада оқиды. «Сендер Қарағандыға қайта беріңдер, мен Кисловодскіде бір айдай болам, сосын сендер Алматыға келесіңдер, сонда той жасаймын» деді. Ертеңінде біз ұшып кеттік. Түнгі сағат үште келдік. Қалай келдік, солай қоңырау түсті, Бабыш аға: «Гүлнар, аға стол үстінде қалып қалды...» – деді. Инфаркт. Сәтбаев та солай кетті ғой. Кім біледі? Люся да солай кетті. Оның денсаулығы сондай мықты еді. «Аскар, Аскар» деп жүруші еді-ау!
Дастархан басында орысша сөйлейтінбіз, Үміш апай ғана үнсіз отыратын (күледі). Мұхтар аға көңілді отыратын, бір қызық сөздерді айтып, бізді күлдіріп қоятын. Бұл жағынан өте жайлы болды. Ал ашуланғанын көрген емеспін, үйде де ондай мінезін мүлде көрген емеспіз. Білдіртпейтін. Біз 1953 жылы үйлендік, 1954 жылы Қарағандыға көшіп кеттік. Бізге той жасап берді, онда қаншама тамаша адамдар болды, қазір солардан ешкім де қалған жоқ, менен басқа... Әмен (Әзиев) Қарағандының жігіті ғой, редакцияға жауапты хатшы болып орналасты. Ол кезде уақыт қиын еді, үй жоқ, Әбекеңнің ағасының үйінде тұрдық. Кейін редакция бір бөлмелі үй берді. Біз осы кезден бастап Үміш апаймен, бәрімен де бұрынғыдай тығыз араласа алмадық, мен кішкентайлы болдым т.с.с.
Ал қой сою, қазақы мәзірмен ас тарту, бас тарту дегендер есімде жоқ, дайын ет алатын... Дастархан басында бет сипап бата оқу, бұл да менің есімде жоқ. Үміштің де ондай істері болған емес. Менің өзімде де жоқ, осы күнге шейін. Менің әкемде бар еді (Разақ).
Мұражай-үйдің байырғы қызметкері, ақсақал атамыз, әуезовтанушы-ғалым Талатбек Әкім өз естелігінде мынадай дерек қалдырған. «Дана-данышпан ірі тұлғалардың өмірлік сәттерінің кейде ұқсас келетінін көруге болады. Абайдың Шәукімбай деген отыншысы болады. Кейде Абай үйінен келімді-кетімді кісілер ертеден кешке дейін арылмай қояды. Олардың бәрі Абайды тыңдап, ара-арасында дауларын да шешісіп алады. Қашан қараса, осылардың алдында Абайдың сөйлеп отырғанына шамданған Шәукімбай: «Әкеңнің аузын... көзін бақырайтып алып, ет жеп, шәй ішіп алып, ертеден қара кешке дейін сөйлегеннен басқаны білмейді. Құнекең де өстуші еді, бұл да сол. Тым құрыса балтаны қайрап беруге жарамайды» – деп бұрқылдап отырғанын естігін ақын сылқ-сылқ күлгеннен басқа, ештеңе дей қоймайды екен. Осы сияқты М.Әуезовтің де ұлты шешен, қыс болса пешін жағып, жазда бағына қарайтын Ахмет Бексұлтанұлы Карташов деген қызметкері болды. Оның жиі-жиі базардан мал алып келіп соятын кездері болады екен. Бірде ішек-қарынды салатын ыдысты әкелсін дегенді айту үшін «Валентина! Валентина!» деп айғайлайды. Сонда ас пісіруші әйел келіп: «Не болды сонша қылқынып, ұялсайшы! Валентина Николаевна демейсің бе?» десе, ол: «Өйтіп сәнденіп отыратын менде уақыт жоқ! Оны анау столда қарап отырған Мұхтар айтсын!» – дейді. Бұл отбасында мәтел сияқты сөзге айналып кетеді» (Т.Әкім. Ұлыларға тағзым, 2019.)
Осыған қарағанда әуезовтер отбасында қой сойылып, бет сипалғанына күмән жоқ.
Суреттер шерткен сыр
[caption id="attachment_3839" align="alignleft" width="228"] 1928 жылдар. Солдан оңға қарай: Қабдеш Әсіржанов, Разақ ақсақал,
Нәупіл, Мәжит (түрегеп тұрған).[/caption]
Үшінші сурет. Мына сурет 1928 жылы түсірілген. Ортада отырған: Мұхтар Омарханұлының ағасы, көрікті, ел ағасы дейтін менің әкем – Разақ. 1935 жылы түрмеден шығып, барар жері тарылып кеткен соң оңтүстікке қарай жылжиды. Бұл – бірінші тұтқындалуы. Жаппай ұсталғандардың арасында кеткен. Семейдегі абақтыдан шыққаннан кейін елдегі жағдай қиын, содан бір атты тауып мініп, қайдан алғанын білмейміз, мына таудың ар жағындағы қырғыздарға өтеді. Шешейді, мені алып. Мен онда кішкентаймын. Содан қырғыздарға барсақ, жері деген көкпеңбек, малдары жайылып жүр, үйлері тігулі. Түтіндері бұрқырап тұрған үйлеріне кіріп барсақ, дастарханы жасаулы, май-құрт толып тұр. Олар: «Өрге шығыңыздар, өрге шығыңыздар!» деп төрге отырғызды. Ғажап! Қандай күтті бізді! Онда да көп болғанымыз жоқ, содан Меркіге келдік. Бір совхозда тұрдық. Аты есімде жоқ. Әкей завсклад болып жұмыс істеді. Қарнымызды ашырған емес. Екінші мәрте, жаңа айттым ғой, 1946 жылы ұсталып, Қарағандыда түрмеге он жылға кесілді. Міне, осы кезде мен Мұхтар ағамның қолына келдім деп. Әкем түрмеден 1954 жылы шықты. Ол кезде бізге Н.Оңдасынов төрт бөлмелі үй берген. Бір бөлмеде ол кісі тұрды. Ал қайтыс болған кезде Мұхтар аға келе алмады. Қорықты (ол кезде Мұхаңды кезекті қуғындау жүріп жатқан). Өз туысқандарынан Разақ, сосын Үміш қой, Мұхтар ағамен араласып, қасында болған, ал басқаларымен олай болған жоқ. Оны енді мен жақсы білмеймін...
Ал мына сол жағында отырған екінші кісі – күйеубаласы Қабдеш Әсіржанов. Бұл – Үміштің бірінші күйеуі. Әкеймен керемет сыйласатын.
Мына оң жағында тұрған үшінші бала – Нәупіл. Фамилиясы – Омарханов. 1923 жылы туған. 18 жасында соғысқа кетті. Смоленскіде командир отрядқа дейін жеткен. Өте жауынгер болған. Сонда қайтыс болды. Өкінішке қарай, басқа дерек жоқ, тағдыры аса ауыр ағам еді.
[caption id="attachment_3840" align="alignleft" width="300"] Разақ ақсақал, Үміш апа, Эрнест.[/caption]
Төртінші сурет. Артында түрегеп тұрған – ақсақалдың жиені Мәжит Диханбаев. Мені Алматыға, Мұхтар ағаға әкеп табыстаған адам. Кейін осында тұрды, мұнда баласы да бар. Разақта төрт ұл, төрт қыз. Бұлар бірінші әйелінен (Мәкіжан Әкімжанқызынан), ал екінші әйелінен біз – екі қыз, бір ұл бармыз (Әсила Әзімбайқызынан). Суреттегі мына бала – Эрнест, Ғафураның ұлы. Бұл сурет әкейдің Үміш апаймен түрмеден шыққаннан кейін түскен фотосы. Түскен жері, меніңше, Талғар болуы керек. Түрмеден шыққан соң Талғарда, шешейдің қасында болды дедім ғой. Содан кейін маған келген. Сол уақта Үміш Алматыда еді. Кездесіп түскен болуы керек, менде сақталып қалған жалғыз сурет. Мұхтар аға маған сыйлаған хрусталь графин бар. Күміс тұтқа, күміс қақпағымен. Ол менде сақтаулы. Қазір ұлымның қолында. Ұлым Елдостың атын Мұхтар ағам қойған (Валентина Николаевнадан туған Мұхаңның Елдес есімді баласы бір жасында шетінеген. Гүлнар Разаққызынан бір жас үлкен, 1927 жылы туған.). Мамандығы физик-математик. Москвада қорғады. Қазір ғылымнан қадір кеткен соң кәсіпкер болып жүр. Аман-есен, тәуба. Кәрім және Артур деген немерелерім бар.
[caption id="attachment_3841" align="alignleft" width="300"] Мұхтар Әуезов атын қойған Елдос пен немере
қарындасы Гүлнар Разаққызы Омарханова[/caption]
Гүлнар Разаққызы әңгімесін аяқтап, өткен уақыттың мұңлы сәттерінен орала алмай, үнсіз ұзақ отырып қалды. Алдында әр жылдары түскен суреттер жапсырылған отбасылық альбом. Маған мынау суреттегі Мұхаңа жақын адамдардың бейнесі қымбат. Әсіресе Үміш апайдың алғашқы жұбайы Қабдеш Әсіржановты көргенімде таң болдым. Сонау 20-жылдарда кез келгеннің фотаға түсе беруге мүмкіндігі аз еді ғой.
Диар Асқарұлының айтуынша, Үміш апай құжат бойынша Әсіржанова болып жазылған екен. Үмішті кейін Қабдеш Әсіржановтың баласы Жәңгерей қолына алғанын да ол кісі растайды. Сол сияқты Әуезовтің үш машинасы: «Победа», «ЗИМ», сосын «Волгасы» (ГАЗ-21. Нөмірі: 73-39) болғанын, «Дос» деген «боксер» тұқымды иті мен бүркіттің қазіргі мұражай-үйдің бағында «шайқасып» қалғанын әкесінен (Асқар Қонаев) естігенін айтып берді.
[caption id="attachment_3842" align="alignleft" width="300"] C.F.Triebel маркалы 12-ші калибр. Германия.[/caption]
Ал 12-ші калибрлі мылтығы құндағымен мұражай-үйде сақтаулы тұр. Бильярд үстелі туралы ашып ештеңе айтпады. Әрине, Мұхтар Омарханұлының осы жеке мүліктерінің мұражай-үйде сақталып тұрғаны артық етпес еді деген ойымызды Диар Асқарұлы да құптады. (Мысалы, машиналарының бірі, бильярд үстелі, ал ит пен бүркіттің макеті тұрса, жазушының өмірімен танысқан көпшілік көрерменге қызғылықты болар еді-ау.)
[caption id="attachment_3843" align="alignleft" width="142"] М.Әуезовтің иті – «Дос»[/caption]
5, 6, 7,8-суреттер. Ал М.Әуезов қолы бос уақытта аңшылыққа шығуды ешқашан ұмытпаған. Отбасымен, балаларымен жолға шыққанда мылтығын ала жүріп, аң қараған кездері болғанын мұрағатта сақталған суреттер дәлелдейді. Мұрат пен Ернарды Қырғызстанға, Шолпан-Атадағы саяжайына алып барғанда, мылтық атуды үйреткенін Мұрат Мұхтарұлы өз естеліктерінде айтады. Сондай-ақ Ғабит Мүсіреповтің «Қарлы жаңбыр астында» дейтін әңгіме-эссесінде Әуезовтің мүлтіксіз мергендігін айғақтайтын жолдар бар. «Осы кепкенің астында Әуезов деген аңшы отыр деп бір құс ойламайды» деп әзілдейді екен.
«Живем у чудесного человека!..»
М.Әуезов пен К.Паустовскийдің тағдыры Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарында тоғысты. Паустовскийлер отбасы 1941 жылдың қыс айларының басында Қазақстанға эвакуацияланған көптеген өнер және мәдениет қайраткерлерімен бірге Алматыға келеді. Бұл туралы Римма Артемьеваның «Константин Паустовский. Повороты cудьбы» деген мақаласы жарық көрген. Онда К.Паустовскийдің өмір соқпақтары мен шығармашылығы зерттелген, біз сол мақаладағы Әуезовтер отбасындағы кезеңін оқырманға қысқартпай ұсынуды жөн санадық. (СОЗВУЧИЕ. Литература и публицистика стран Содружества. Четверг, 8 ноября 2018 г.)
«В октябре 1941 г. Паустовские переехали из Чистополя, куда вместе с другими писательскими семьями были эвакуированы его жена и пасынок, в Казахстан, в Алма-Ату.
Лучшему другу Рувиму Фраерману и сыну Вадиму о своей жизни в Алма-Ате К.Паустовский напишет: «Живем у чудесного человека – казахского писателя Мухтара Ауэзова, он уступил нам одну комнату».
В семье Ауэзовых тоже хранят воспоминания о тех далеких и суровых временах.
Внук Мухтара Омархановича Ауэзова, директор Научно-культурного центра «Дом Ауэзова» Диар Аскарович Кунаев рассказывает:
– Когда Константин Георгиевич в 1941 году приехал с фронта, где был военным корреспондентом, в Алма-Ату, эвакуированные писатели жили в гостинице, которая называлась «Дом советов» (она располагалась на месте, где сегодня расположен ресторан «Алма-Ата»). А Паустовскому Мухтар Омарханович предложил жить в его квартире. Он выделял Паустовского, как фигуру мировой значимости. Ценил его талант, относился к нему с огромным уважением.
В этой квартире номер 29 по улице Калинина 63 Ауэзовы жили вчетвером: Мухтар Омарханович, Валентина Николаевна – моя бабушка, моя мама и ее троюродная сестра, которая тоже воспитывалась в семье (моя тетушка) Гульнара Разаковна Омарханова.
Когда Паустовские приехали в Алма-Ату у Мухтара Омархановича только родился сын (Эльдар) и Константин Георгиевич подарил малышу «на зубок» красивую ложечку чистого серебра. Но мальчику в тот момент пока еще не дали имя, и Константин Георгиевич сделал на ней такую гравировку: «Мухтару второму». Эта ложечка сохранилась до сих пор, как семейная реликвия и вещественное подтверждение их близких дружеских отношений.
Квартира была трехкомнатная, большую комнату они разделили шкафом и поставили ширму. Получилась совсем отдельная комната. Вот там и жили: Константин Георгиевич с Валерией Владимировной и таксой по кличке Фунтик. Жили они за ширмой, но в хозяйство вели вместе. Сын Навашиной Сергей жил в гостинице «Дом советов».
К сожалению, совместных фотографий с Константином Георгиевичем того времени в фондах Научно-культурного центра «Дом Ауэзова» нет, но сохранились фотографии той квартиры, где Ауэзовы жили с 1938 по 1951 год.
Квартира Мухтара Ауэзова, в Алма-Ате по ул. Калинина 63, кв. 29, где жили Паустовские.
У мамы о Валерии Владимировне остались самые теплые воспоминания: «Она была очень внимательная, заботливая, добрая к нам с сестрой. Когда мы простудились, она заботилась, ухаживала за нами, давала лекарство».
Они все жили одной семьей. Вместе готовили, вместе кушали. Иногда всей большой семьей ходили обедать в столовую «Дома советов»». Тетушка, которая недавно отметила свое 90-летие, вспоминает, что Валерия Владимировна была красивая, статная, высокая. Она подарила тётушке теплые рукавицы.
К Мухтару Омархановичу часто приходили писатели. Особенно, мама упоминала троих: Зощенко, Маршака и Чуковского, и они очень много беседовали, вместе обсуждали текущие вопросы. Совместной работы у Константина Георгиевича с Мухтаром Омархановичем не было, но они часто собирались за ширмой и подолгу говорили о войне, литературе… В Алма-Ате Паустовский работал над пьесой «Пока не остановится сердце» для камерного театра. Поэтому он жил здесь не постоянно. Всю зиму 1942 года он провел в Барнауле, потому что Таиров с камерным театром переехал в Барнаул. Писал и здесь, и там. Мама рассказывала, что тогда же он начал писать свой роман «Дым отечества», который завершил в 1944 году.
В те годы М.О.Ауэзов, закончил первую часть романа-эпопеи – «Абай».
К.Паустовский М.Әуезовтен бес жас үлкен және кейінірек қайтыс болған. Бір кезде үйінде тұрған, құрметтеген қазақ жазушысының Одақтың мәртебелі сыйлықтарының иегері болғанын көзімен керді. «Абай» романы мен басқа да шығармалары орыс тілінде жарық көріп, талантты жазушы екенін мойындатқанын да біледі. Атақты Н.Тихонов «Большой человек нашеге времени» деп бағалаған М.Әуезов туралы осы бір тамаша адамның бір жол жазбай кеткені таңғалдырады. Тек «Қиын кезеңде ауыртпашылықты бірге көтерген күндердің белгісі ретінде К.Паустовский 1943 жылы таза күміс қасыққа алғыс сезімін білдірген ілтипатты сөздер жазып, Әуезовке сыйлаған. Бұл қасық қазір жазушының немересі Асқар Ернарұлы Әуезовтің үйінде сақтаулы» деген дерек бар («Мұхтар Әуезов энциклопедиясы»).
М.Әуезовтің отбасылық хаттарында, әдебиет жайындағы жалпы шолу мақалаларында К.Паустовскийдің есімі кездеседі. Бірақ Мұхаңның да ол туралы арнайы мақала жазып, естелік қалдырғанын өз басым көрген жоқпын.
[caption id="attachment_3844" align="alignleft" width="800"] Валентиной Николаевнамен.[/caption]
Біздің парыз
[caption id="attachment_3845" align="alignleft" width="206"] Аңшылықта.[/caption]
Мұхтар Әуезовтің әулеттік шежіресіне қарасаңыз – әкеден жалғыз ұл. Омархан атамыздың Мәдина Сәбікейқызы деген әйелінен Біләл туған. Бірақ ерте қайтыс болыпты. Ал Нұржамал Әбсеметқызынан өзі, төрт әпкесі, бір қарындасы, барлығы бес қыз дүниеге келіпті. Соның төртеуі тым жастай өмірден өтсе, тек біреуінен ғана, Гүлсімнен ұрпақ тараған екен. Гүлсімнің өзі отызға жетпей дүниеден өтіп, қарындасы – Үмия (Үміш) ғана тірі қалыпты. Демек, жалғыз қарындасын басына қиыншылық түсіп, қорғансыз қалғанда қолына алған. Осы жерде қысқаша, М.Әуезовтің шығармашылығына көз жіберіп көрсек, «Абай жолындағы» Әбіштің сырқат кезі, Алматы, Жамбыл, Сәт болыс туралы айтылатын тараудағы Әбсемет жазушының нағашы жұрты емес пе екен?!. Ал 20-жылдардағы Әуезовтің әңгімелеріндегі әйелдер тағдырында әулеттік қайғы-қасіреттердің таңбалары жоқ деуге қандай негіз бар? Мысалы, «Қысты күнгі дала» дейтін әңгімелер циклындағы Рабиғаның тағдыры. Рабиға жастай жесір қалған. Әмеңгершілік жолмен алпыстан асқан Жақайға берілмекші. Қысты күнгі дала. Рабиға қашып шығады. Жолда үсіп өлуге шақ қалғанда бауыры Мұқаш кеп құтқарып қалады. «Жалғызым! Сенен басқа сүйенішім бар ма еді?! Неге кешіктің? Мені неге қинадың? – деп дірілдей берді. Боран үскіріп соғып тұр. Асау жел ащы күйінен жаңылған жоқ, ойнақ салып ысқырып тұр. Ақ дала меңіреу болып түнеруде. Қайғылы сары бел боран әкеліп тұрған ақ киімін қымтай түсіп, жата берді» дейтін суреттердегі жазушының жан дүниесіне кім үңіліп көрді? Бұлар жастай өлген, жетім, жесір қалған апа-қарындастары, замандастары және қалың қазақтың қыздары екенін білеміз. Біз үшін Әуезов оларға нақты ісімен де, қаламымен де қолын созған іні-бауыр, аға болғанын айту ғана парыз!
Ермек Қаныкейұлы,
«Әуезов үйі» ҒМО ғылыми қызметкері, ф.ғ.к.