Автокөлігімді саяси көзқарасым үшін өртеді

Олжас Қасым

  • 14.12.2020

Бүгін сағат түнгі 02:00 шамасында «Ел билігі» қоғамдық қозғалысының құрылтайшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Есенғазы ҚУАНДЫҚТЫҢ көлігі өртеніп кетті. Қоғам қайраткері бұл әрекет терракт, саяси белсенділігім үшін жасалған дейді.

«Түнгі екілер шамасында көлігім өртене бастады. Сегнализация іске қосылғанда киімімді киіп үлгермей өртпен алыса бастадым. Өрт сөндірушілер жарты сағататн кейін бірақ жетті. Көрші-қолаң болып өшірдік», - дейді Есенғазы Қуандық Malim.kz сайтының тілшісіне.

«Ел билігі» қозғалысы мүшесінің айтуынша, біреу автомашинасын қасақана өртеген. Жанармай тұратын бакқа жақын дөңгелекке бензин тамызып от тұтатқан.

«Көліктің багы тек іштен ашылады. Ал қылмыскер оны сыртынан ашып алған. Сегнализация шырылдап кеткен соң амалсыз отты дөңгелекке қойған. Бұл терракт. Менің саяси көзқарасым үшін жасалып отыр деп есептеймін. Мен  сайлаушылар құқығы тапталғанын, Қазақстан халқы ассамблеясынан заңсыз депуттат болып жатқандар жайлы ашық айтып жүрмін», - дейді қоғам қайраткері Есенғазы Қуандық. 

Тарихшының өртеніп кеткен көлігі 2011 жылғы Subaru. Қазір Алматы қаласы, Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы бұл іске қатысты ҚК-тің 202-бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Байланысты жаналықтар

Ватиканда жаңа Рим папасы сайланды

08.05.2025

Ватиканда жаңа Рим папасын сайлау рәсімі басталды

07.05.2025

Фридрих Мерц екінші талпыныстан кейін Германия канцлері болып сайланды

06.05.2025

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

27.04.2025

Украина билігі президент сайлауын өткізуге келісті

22.03.2025

Лукашенко 86,82% дауыс жинады – Беларусь ОСК

27.01.2025
MalimBlocks
Ватиканда жаңа Рим папасы сайланды

Ватиканда жаңа Рим папасын сайлау рәсімі басталды

Фридрих Мерц екінші талпыныстан кейін Германия канцлері болып сайланды

Серік Сәпиев жаңа қызметке сайланды

Украина билігі президент сайлауын өткізуге келісті

Лукашенко 86,82% дауыс жинады – Беларусь ОСК