Еуро-2024. Бүгін 1/8 финалдың соңғы ойындары өтеді

Бүгін Румыния-Нидерланд және Австрия-Түркия ойындары өтеді

Арман Қайыпхан

  • 02.07.2024

Бүгін Румыния Мюнхенде Нидерланд құрамасымен, ал Австрия Лейпцигте Түркиямен кездеседі, деп хабарлайды Malim.kz.

Германияда өтіп жатқан Еуро-2024 жарысының 1/8 финалдық кезеңі бүгін аяқталады.

Астана уақытымен сағат 21:00-де жасыл алаңға Румыния мен Нидерланд командалары шығады. Румыния футболшылары соңғы 14 матчта Нидерланд құрамасын бір-ақ рет жеңген. Олардың Еуро аясындағы соңғы матчты (2008 жыл) голландиялық футболшылардың жеңісімен (2:0) аяқталған болатын. Дегенмен Румыния құрамасының қазіргі ойыншыларын бұрынғы нәтиже онша алаңдатпайды.

Нидерланд құрамасы мықты, бірақ біз өзімізге сенуіміз керек, - дейді қорғаушы Богдан Раковицан.

Айта кетейік, «D» тобындағы финалдық матчта голландиялықтар Австриядан 2:3 есебімен жеңіліп, топта 3-орын алып қалған еді.

Біз өзімізді асыра бағалап жіберген сияқтымыз. Әзірге бар күш-жігерімізді жинап, жақында болатын матчқа дайындалып жатырмыз, - деп мойындады команда капитаны Вирджил ван Дейк.

Факт: Бүгінгі матч Румынияның Еуропа чемпионатындағы 20-шы ойыны болмақ. Олар бұған дейін екі рет қана жеңіске жеткен (6 тең ойын, 12 жеңіліс).

Ал сағат тілі 00:00-ден асқанда Лейпциг қаласында Австрия мен Түркия командасы күш сынасады.  

Турнир басталар алдында Австрия құрамасы тосын сый жасай алатын командалардың бірі саналатын және жарыс барысында соны дәлелдеді. Польша мен Нидерландты жеңген Ральф Рангниктің жігіттерін D тобында 1-орынға ие болды.

Түркия 8 жылдан бері алғаш рет плей-офф кезеңінде ойнап жатыр. Оларды осы кезеңге Дженк Тосунның голы алып шықты. Айта кетейік, Түркия наурыз айында Австриямен жолдастық кездесу өткізіп, 6:1 есебімен жеңілген еді. Ал Михаэль Грегорич хет-трик жасаған болатын.

Бізде 6:1 есебімен жеңілген Австрия командасымен аяқталмаған жұмысымыз бар. Бұл жолы біз бұрынғы қателіктерді қайталамаймыз, - деп еске алды Дженк Тосун.

Факт: Түркия Австрияға қарсы соңғы 5 ресми матчта өз қақпасына бірде-бір гол жіберген жоқ.

Фото: uefa.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстан Түркиядан "Астана LRT"-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданды экстрадициялауды сұрады

23.05.2025

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 10 алтын медаль жеңіп алды

22.05.2025

ТМҰ бейресми саммиті: Геосаяси тұрақсыздық жағдайында ынтымақтастық қай бағытта дамиды?

22.05.2025

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып Әли Әлиев тағайындалды

21.05.2025

Әлемдегі ең үздік футболшы аталды

21.05.2025

Азия чемпионаты: Қазақстандық 11 боксшы алтынға таласады

20.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан Түркиядан "Астана LRT"-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданды экстрадициялауды сұрады

Қазақстан Түркиядан "Астана LRT"-ның бұрынғы басшысы Талғат Арданды экстрадициялау туралы ресми сұрау жолдады

Қазақстан боксшылары Азия чемпионатында 10 алтын медаль жеңіп алды

ТМҰ бейресми саммиті: Геосаяси тұрақсыздық жағдайында ынтымақтастық қай бағытта дамиды?

Мемлекет басшысы соңғы кездегі тарифке қатысты оқиғалар жаһандық сауда саясатындағы өте үлкен өзгерістерге себеп болғанына тоқталды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып Әли Әлиев тағайындалды

Әлемдегі ең үздік футболшы аталды

Азия чемпионаты: Қазақстандық 11 боксшы алтынға таласады