Imanbek: Бір хиттік жұлдыз емес екенімді дәлелдеймін

Malim Админ

  • 16.03.2021

Grammy сыйлығын қазақстандық диджей Imanbek (шын аты Иманбек Зейкенов) Roses әніне жасаған ремикспен бүкіл әлемге танылды. Иманбек жазған ремикс АҚШ-тағы чарттарда көш бастаған соң, Батыс басылымдары Иманбектен сұхбат ала бастаған. Назарларыңызға Иманбектің 2020 жылдың шілдесінде The New York Times басылымына берген сұхбатын ұсынып отырмыз.

Иманбек тұрғылықты жеріндегі темір жол станциясында жұмыс істеп жатып Saint Jhn-ның әнін кездейсоқ естіп қалады да,  әнге басқаша екпін беру үшін әрлеп жібереді. Бұл жұмыс екі жаққа да орасан жемісін берді.

Иманбек Зейкенов 20 жаста,  ол өз ата-анасымен бірге Қазақстанның Ақсу ауылында тұрады. Теміржол инженері мамандығын алып,  былтыр желтоқсан айына дейін теміржол стансасында жұмыс істеп келген. Бірақ 2019 жылдың жазында бәрі өзгерді, гайан-американ рэпері және әншісі Saint Jhn-ның "Roses" әні оған кездейсоқ тап болады. Әлі піспеген,  дұрыс өңделмеген "Roses" әні саудаға шығып, тыңдармандардың құлағына жеткеніне үш жыл болған. Екі-үш әнді әуесқой өңдеп көрген Иманбек бұл әуеннің де біраз кемшілігін түзеп жібермек болады. Ол Saint Jhn-ның даусын қатты шиқылдап шығатындай етіп өзгертіп, қалың эластикалық бас партиясын және кішкендай барабанның алыстан естілетін дірілін қосады.  Иманбек өз ремиксін Ресейдегі әлеуметтік желілерге салғанда танымал боламын деп ойламаса керек. Бірақ бірнеше айдан кейін ол әлемдік поп-жұлдызға айналғанына таңғалады.

Иманбекпен Zoom-да аудармашы арқылы сөйлескенімізде ол "Мен ремиксті заңсыз түрде жасадым"  деді. Ол өзінің жаңа сатып алған су жаңа көлігінің ішінде "Каппа"  фирмасының ақшыл-қызыл футболкасын киіп отырды. "Мен оны ары қарай қалай алға сүйреп танымал етудің басқа амалын  таппай, интернетке жай жүктей салдым. Қалай жасалды, солай қалдырдым. Бірнеше айдан соң ол әлемді шулатып жіберді".

Иманбек Зейкенов. Фото Imanbek-тің Instagram парақшасынан алынды

"Roses"  әнінің шыққанына төрт жыл өткеннен соң,  Иманбектің ремиксі халықаралық табыс әкелді.  Ән  "Billboard Hot 100"  таңдауында  бесінші орынға және Англияда бірінші орынға шықты. ( Таңдауда Saint Jhn-мен Бейонсенің 2019 жылғы «Brown Skin Girl» әні бәсекелесе алды.) Одан да маңызды жаңалық, енді Иманбек әлемде рұқсат етілмеген әртіс болып саналмайды. Алдыңғы жылдың тамыз айында ол Ресейдегі Effective Records орталығымен келісімшартқа отырған. Келесі  айда Saint Jhn-мен осы әнді өңделген күйінде сатылымға шығаруға келісті.

«Бұл оңай болды. Біз енді бұл рекордты жаңартқымыз келеді, әзірше бәрі сәтті жүріп жатыр, енді бәрін заңды еткіміз келеді дедік», - деді Иманбек Saint Jhn-нің басшылығы мен Effective Recordsтың иесі Кирилл Лупинос арасындағы одаққа жол ашқан қысқа кездесуді сипаттай отырып.

Иманбек 2019 жылдың соңында "Roses-тен" әжептәуір ақша тапты, ол жұмыстан шығып, өзін кәсіби музыкант деп жариялауға жеткілікті болды. Дегенмен Лупинос 2020 жылдың алғашқы жарт жылынан кейін сингл нағыз танымал болған шақта түскен пайда биылғы жылдың соңына дейін қолға тимейді дейді. Иманбек пен Saint Jhn өздерінің өте тиімді серіктестіктеріне қарамастан, әлі бетпе-бет кездескен жоқ. Екеуі тек Instagram арқылы ғана тілдесіп келеді дейді продюсері.

Ресей халқы ағылшын тілін білмесе де, «Roses» оларды баурап алғанына таңғалған Saint Jhn: «Мен Ресейде өнер көрсетіп жүрмін», - деді.  - Мен Ресейде өнер көрсетуді қалағаным үшін емес, олар менің келуімді қалағаны үшін барамын. Бұл ғажап қой».

Иманбектің әкесі өрт сөндіру қызметінде, ал анасы туристік агенттікте жұмыс істейді. Ол өзінің музыкамен әуестенетін отбасында өскенін, дегенмен өзіне Батыс музыкасы қатты ықпал етпегенін айтады. Оған жергілікті жердегі диджейлер мен продюсерлерден шабыт алып, Youtube-те оқу материалдарын көріп, электронды музыкаға өз бағын сынап көрді.

Қазір Иманбек өзінің келесі қадамы қандай болмақ, соны жоспарлауда. Мамыр айында ол дат продюсері Мартин Йенсенмен бірігіп "I’m Just Feelin" (Du Du Du)" әуенін шығарған. Ол әзірге қалай диджей болып жұмыс істерін білмейді, өйткені пандемия жүріп жатқандықтан бетпе-бет, тіпті виртуалды кездесулер ұйымдастыру қиын. Әзірше Майкл Майерстің бетпердесін, Effective Records-тың капешонды жемпірін киген күйі Иманбек ағашпен қапталған студиядан тікелей эфирге шығып жүр. Effective Records оны Youtube-те көрсетіп жүр. Бірақ Иманбек диджей болып көпшілік алдында өнер көрсетуді үйренген бетте, өз орнын тауып, өнер көрсетеді.

Қазіргі уақытта ол 10 жыл бұрын алған ноутбугында FL Studio көшірмесімен музыка жазады. Жалғыз жаңарған нәрсе – лейбл сыйға берген құлаққап. Иманбекке танымал екенін еске қайта-қайта салып тұратын жалғыз дүние – әріптестік орнатуды сұрайтын әртістерден электронды поштаға келетін хаттар, WhatsApp пен Instagram-да жекеге келетін хабарламалар. Иманбек оларды басшылыққа тапсырмас бұрын оларды алдымен естелік үшін скриншот жасап алады.

"Соңғы хаттардың бірі Tiësto-дан келген", - деді ол нидерландыдағы танымал диджейді меңзеп. «Ол маған шын ниетімен менің ісімді жоғары бағалайтынын айтты және маған сәттілік тіледі».

Иманбек өзінің өмірде бір рет сәті түсетін үлкен жетістіктің шыңына шыққанын  біледі. Маңыздысы, алда болатын дүние.  " Мен қандай  нәрсеге жеткенімді түсінемін, ол шынымен де үлкен жетістік", - деді ол. "Енді мен бір хитпен ғана таңғалдырып тоқтап қалатын талант емес екенімді дәлелдеуім керек".

SAINt JHN - Roses (Imanbek Remix) (Official Music Video)

[embed]https://youtu.be/2zToEPpFEN8[/embed]

Люк Винки, The New York Times

Аударған Айбек Ережеп

Байланысты жаналықтар

Imanbek Президент күзеті қызметіне арналған бейнебаянның аранжировкасын жасады (ВИДЕО)

04.05.2024

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов Grammy премиясын жеңіп алды

15.03.2021
MalimBlocks
Imanbek Президент күзеті қызметіне арналған бейнебаянның аранжировкасын жасады (ВИДЕО)

Бейнебаянда Қазақстанның арнаулы және әскери құрылымдарының жауынгерлік күштерінің іс-қимылы бейнеленген.

Қазақстандық диджей Иманбек Зейкенов Grammy премиясын жеңіп алды