Көшпенділер ойынына Кабирхан қатысуы мүмкін

Одан бөлек, Жұмыртұяқ, Секрет атты талай бәйгеде топ жарған аттар келеді деп жоспарланған

Malim Админ

  • 29.08.2024

Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Қайырхан Мәулен Дүниежүзілік көшпенділер ойынында қандай танымал сәйгүліктер келетінін айтты.

«Ұлттық құрамада тек көкпар бойынша 30-ға жуық ат әзірленіп жатыр. Оның ішінде 24-і ертең келеді. Сол 24 аттың барлығының да атақтары бар, бүгінгі күнге дейін жеңістерге жеткен. Әлем чемпионатында жеңген Нұрғасқа сәйгүлігі бар, онымен Құрманбек Тұрғанбек атты үкілеген үмітіміз өнер көрсетеді. Одан бөлек, Жұмыртұяқ, Секрет атты талай бәйгеде топ жарған аттар келуі ықтимал. Тіпті Дубайдағы бәйгеде жеңіске жеткен Кабирханды білесіздер, Кабирхан келеді деп жоспарланған», - деді Қ.Мәулен «Қазанат» ипподромында өткен баспасөз мәслихатында.

Бірақ спикердің айтуынша, әлі де ауа райы мен транспортқа байланысты өзгерістер болуы мүмкін.

«Олар жеке адамдардың аттары болғандықтан мемлекеттің, ұлттық құраманың құзырындағы іс емес. Сондықтан осындай нюанстар бар. Бірақ еліміздің атынан қатысатын сәйгүліктердің бәрі өте жақсы таңдалған және дайындалған», - деді ол.

Еске сала кетейік, жыл басында қазақстандық сәйгүлік Кабирхан Дубайда өткен жарыста топ жарған еді. Талай шетелдікті таңдай қақтырған тұлпар Қазақстанның атын әлемге танытты.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Әлемдік додаға 89 елден 2800-ге жуық қатысушы келеді деп жоспарланып отыр. Онда спорттың 21 түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ.

Ұйымдастыру дирекциясы шетел спортшыларына ат үлестіреді. Тек көрші Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан спортшылары ғана өз аттарымен келеді.

Фото: kaznews.kz

Байланысты жаналықтар

Қазақ пен қырғызға тек бауырмалдық жарасады. Көкпар федерациясы

13.09.2024

Жеңімпаз болған қазақ көкпаршылары қанша сыйақы алады?

12.09.2024

Көкпардан Қазақстан құрамасы чемпион атанды

12.09.2024

Жұмажан Қожамбеков – қазақ күресінен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы

09.09.2024

Қазақстандық садақшылар көшпенділер ойындары өтетін алаңда жаттығып жатыр

19.08.2024

Жамбы атудан ұлттық құрама – әлем чемпионы

19.06.2024
MalimBlocks
Қазақ пен қырғызға тек бауырмалдық жарасады. Көкпар федерациясы

Көкпарда қамшысын сілтеп жіберсе, аса бір арызданатын жағдай емес

Жеңімпаз болған қазақ көкпаршылары қанша сыйақы алады?

Бүгін жерлестеріміз көкпар сайысында қырғыздардан басым түсті

Көкпардан Қазақстан құрамасы чемпион атанды

Ойын өте тартысты өтті

Жұмажан Қожамбеков – қазақ күресінен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы

Бұл – қазақ күресінен Ұлттық құрама қоржынындағы сегізінші алтын

Қазақстандық садақшылар көшпенділер ойындары өтетін алаңда жаттығып жатыр

«Міндетті  түрде көпшілікті алтынмен қуантамыз», - дейді ұлттық құрама мүшелері.

Жамбы атудан ұлттық құрама – әлем чемпионы

Дүбірлі дода «Мажар», «Азия», «Император», «Саран» стилдері бойынша өтті