457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Маңызды құжаттардың қабылдануы - отандық спортты нығайтатын қадам

Биыл қабылданып бұқараға жарияланған «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң дамуға жол ашуда. Әсіресе, «мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдеуші» ұғымының заңмен бекітілуі жансебіл, қайсар жандардың жігерін жаныған оң бастама.

Ендігі уақытта І топтағы мүгедек сайыскерді сүйемелдеуші тұлға қызмет етпек. Бұл шешім параспортшының жарыстарда ел мерейін үстем етуіне жол бастайтыны айқын. Спорт ұйымдарының жетекшілеріне ротация беріледі. Бұл кәнігі мамандардың үлесін өсіруге мүмкіндік сыйлайтын байыпты жұмыс.

Ал, келесі жылдан бастап балалар мен жасөспірімдер жаттығатын, оқитын спорт мектептерінің мұғалім-бапкерлеріне  қосымша ақы төленетін болды. Оның мөлшері 30 пайызға көбеймек. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлімдеп отыр.

Үш жылдан бері Үкімет  қаулысы бойынша жаттықтарушы мамандар алатын айлық жыл сайын 20 %-ға  артып келеді. Ендігі кезекте спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушыларының еңбеақысы еселенбек. Аталған шешім  2028 жылғ дейінгі республикалық бюджетте қарастырылған.  Яғни, 1,8 миллиард теңге төленеді деген ұйғарым жасалды. Үкімет құжатына толықтыру жасалуда, - деп пікір айтты Бектенов.

Заңнаманың игілігі аз емес. Айтайық,  республикалық статусқа ие шаһарлар мен облыстар жергілікті қазынадан спортты ілгерілету жолында ілкімді іс атқарып жүрген қызметкерлерге үстемеақы қосады. Мұндай жәрдемнен ауылдық елді мекендерде тер төгіп жүрген спорт қызметкерлері де алшақ қалмайды. Кем дегенде 25 пайыз шегіндегі айлық төленетіні азаматтарды қуантып отыр.  Кешенді жоспарлар кезеңімен іске асырылмақ.

Фото: Pixabay.com