Мбаппенің тарихи голы және екі сенсация: Франция мен Нидерланд ұятқа қалды

D тобының фавориттері саналған командалар сүрінді

Арман Қайыпхан

  • 25.06.2024

Германияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатында D тобының финалдық ойындары өтті, деп хабарлайды Malim.kz.

Дортмунд қаласында Франция мен Польша құрамалары кездесті. Екінші айналымның қорытындысы бойынша поляктар плей-офф кезеңіне шығудың барлық мүмкіндіктерінен айырылып, франциялықтар Нидерландпен бірге төрттіктегі көшті бөлісіп тұрған еді.

Бұл кездесуде алаңға мұрны сынғаннан кейін Франция құрамасының көшбасшысы Килиан Мбаппе шықты. Ойындағы бірінші голды да өзі соқты. 56-минутта Мбаппе пенальти теуіп, Еуропа чемпионатындағы алғашқы голын соқты.

Айта кетейік, Польша құрамасының көшбасшысы Роберт Левандовский де 79-минутта пенальтиден есепті теңестірді. Нәтижесінде қарсыластар 1:1 есебімен тең тарқасты.

Берлинде өткен параллель ойында Нидерланд құрамасы Аустриямен кездесті. Ойын голға бай болды. Матчтың 80-минутына дейін есеп 2:2 еді. Сөйтіп тұрғанда аустриялық Марсель Сабитцер гол соғып, өз құрамасына жеңіс әкелді.

Осылайша Аустрия құрамасы 6 ұпай жинап, бірінші орыннан плей-офф кезеңіне өтті. Ал осы топтың және жалпы чемпионаттың фавориті саналған Франция 5 ұпаймен екінші орында қалды. Сондай-ақ Нидерланд командасы 4 ұпай жинап, үшінші орынға қалып кетті. Ал Польша кестені 1 ұпаймен кестені тұйықтады.

©x.com/equipedefrance

Байланысты жаналықтар

Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

17.05.2025

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

15.05.2025

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

12.05.2025

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

11.05.2025

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан гимнастшылары Азия чемпионатында алтын жеңіп алды

Қазақстан құрамасы пара дзюдодан Әлем чемпионы атанды

Құмар ойынның түрі: Ауғанстанда шахматқа тыйым салынды

Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады