Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Неге қазақ спортшылары қола ала береді? Дархан "дәстүрді" бұза ма?

Спорт
Неге қазақ спортшылары қола ала береді? Дархан "дәстүрді" бұза ма?

Каратэші Дархан Асәділов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты.

А тобында өнер көрсеткен каратэші үшінші қарсыласы жапон Саго Наотоны 3:0 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын жартылай финалға жолдама алды. Демек, Асәділовтің еншісінде кем дегенде қола медаль бар. 

Айта кетейік, қазақстандық каратэші алғашқы кездесуінде 6:2 есебімен басым түскен.  Кейін әзербайжандық Фирдоуси Фарзалиевті де 6:2 есебімен ұтқан еді.

Дархан Асәділов - каратэден Қазақстан құрамасындағы ең тәжірибелі спортшы, жасы 33-те. 2010 жылы АЗия чемпионы атанған. 2008 жылы әлем чемпионатында күміс, 2018 жылы қола медаль жеңіп алған. Еншісінде Азия чемпионатынан бірнеше жүлде бар.

Бұл Дарханның соңы олимпиадасы болуы мүмкін. Сондықтан қоланы місе тұтпай, финалға өтсе деген тілек бар. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу