«Қайрат» клубына жаңа бас бапкер келді

Келісімшарт маусым соңына дейін жасалған.

Сабина Асқарқызы

  • 06.09.2024

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Рафаэль Уразбахтинмен келісімшарт маусымның соңына дейін жасалды. Оның штатында клуб құрылымының бапкерлері Максим Зуев пен Сергей Куцов болады.

Футболшы кезінде Рафаэль Радикович Қазақстанның түрлі клубында, соның ішінде «Қайратта» өнер көрсеткен. Премьер лигада жалпы 200-ден астам ойын өткізген. Қазақстан құрамасының да намысын қорғаған. Рафаэль Радиковичке команда тізгінінде жарқын жеңістерге жетіп, табысты нәтиже көрсетсін деп тілейміз! - делінген клубтың әлеуметтік желідегі хабарламасында.

Ол өзінің бапкерлік мансабын 2014 жылы бастады. 2019 жылдың соңына дейін «Қайрат» футбол клубының академиясының әртүрлі жастағы командасында еңбек еткен. Сондай-ақ Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының бапкерлер штабының мүшесі болды. 2020-2022 жылдар аралығында дейін қарағандылық «Шахтер» клубында бас бапкердің көмекшісі, кейін клубтың спорт директоры қызметін атқарды.

2023 жылдың басында Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының құрылымына оралып, алматылық ұжымның U-18 командасының бапкерлер штабының құрамына енді. Биылғы маусымды «Қайрат-Жастар» клубының аға бапкері ретінде бастады. Мамыр айында ол «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметін атқарды. Кейін негізгі құрамның бұрынғы бапкері Александр Кержаковтың жаттықтырушылар штабына қосылды.

Айта кетейік, 3 қыркүйекте Александр Кержаков алматылық клубтан ресми түрде кетті. Ол мамырдың соңында «Қайраттың» бас бапкері болып тағайындалған еді.

Фото: fckairat.com 

Байланысты жаналықтар

Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

06.05.2025

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

01.05.2025

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

30.04.2025

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

24.04.2025

Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады

20.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025
MalimBlocks
Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

«Елімай» футбол клубында алғаш рет қыздар құрамасы құрылды

Таныстырылымға облыс әкімі Берік Уәли қатысты

"Ақтөбе" футбол клубында ойыншылардың тамағына бөлінген қаражат жымқырылған

Қазақ футболын сынаған Самат Смақов ойындардан шеттетілді

Самат Смақов: Қазақ футболы кері кетіп барады

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады