2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының D тобындағы алғашқы матчта АҚШ құрамасы Парагвайды 4:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Malim.kz.
Кездесу Инглвуд қаласындағы «Соу-Фай» стадионында өтті. Бірінші таймда парагвайлық жартылай қорғаушы Дамиан Бобадилья өз қақпасына гол соқты. Ал америкалық шабуылшы Фоларин Балогун дубль авторы атанды.
Үзілістен кейін Парагвай құрамасының ойыншысы Маурисио есеп айырмасын қысқартқанымен, қосымша уақытта Джованни Рейна АҚШ-тың төртінші голын соғып, матч нүктесін қойды.
Осылайша АҚШ құрамасы турнирдегі алғашқы үш ұпайына қол жеткізді. D тобында сондай-ақ Австралия мен Түркия құрамалары өнер көрсетеді.