Қазақстан құрамасы ескек есуден Азия чемпионатында 12 медаль алды

Медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады

Malim Админ

  • 11.05.2025

Бүгін Қытайдың Наньчан қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионаты аяқталды.

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрлықтық додада қазақстандық спортшылар 4 алтын, 4 күміс және 4 қола алды. Нәтижесінде медальдар кестесінде екінші орынға тұрақтады. Көш басында Қытай құрамасы тұрса, үшінші сатыға ирандық ескек есу шеберлері табан тіреді.

Ұлттық құраманың бас бапкері Қайсар Нұрмағамбетов ел құрамасы үшін 12 жүлде жоғары нәтиже екенін атап өтті. Төрт алтынның екеуі Олимпиада бағдарламасына енген қашықтықта қолға түсті. Құраманың басым бөлігіне жастар шақырылған. Ендігі кезекте жастар негізгі құрамға көбірек тартылатын болады. 

Қазақстандық спортшылардың нәтижесі

Чемпиондар: 

Ольга Шмелёва мен Ирина Подойникова (байдарка, 500 м)
Ольга Шмелёва мен Артём Терещенко (байдарка, 500 м)
Сергей Емельянов пен Руфина Искакова (каноэ, 500 м)
Қазақстан әйелдер құрамасы (4 адам, байдарка, 500 м)

Күміс медаль: 

Бекарыс Раматулла (байдарка, 500 м)
Виктор Степанов (каноэ, 200 м)
Стелла Суханова (байдарка, 1000 м)
Сергей Емельянов пен Полат Төребеков (каноэ, 500 м)

Қола медаль: 

Ольга Шмелёва (байдарка, 200 м)
Мария Бровкова (каноэ, 500 м)
Қазақстан құрамасы (4×микст, байдарка, 500 м)
Қазақстан құрамасы (4×микст, каноэ, 500 м)

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

10.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Ғұсман Қырғызбаев әлемдік Grand Slam турнирінің финалына шықты

09.05.2025

Қазақстан спорт рейтингінде қай орынға жайғасты?

09.05.2025

Қытайда ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

07.05.2025

Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды

06.05.2025
MalimBlocks
Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын жеңістен бастады

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Ғұсман Қырғызбаев әлемдік Grand Slam турнирінің финалына шықты

Қазақстан спорт рейтингінде қай орынға жайғасты?

Қытайда ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

10 күнге созылатын құрлықтық додада 200-ден астам спортшы жарыс жолына шығады

Криштиану Роналдуның ұлы да Португалия құрамасына шақырту алды