Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасын 7 медальмен қорытындылады

Соңғы спортшымыз Әлішер Ерғали да жұбаныш белдесуінде жеңілді

Мәди Саматұлы

  • 11.08.2024

Қазақстан құрамасы 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарын тәмамдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ел құрамасының сапынан соңғы болып еркін күрес шебері, 97 келі салмақта сынға түсетін Әлішер Ерғали шыққан еді. Бүгінгі жұбаныш белдесуінде оның жолы болмады.

Сөйтіп, ел спортшылары Франция астанасында өткен ойындарда жеті медаль жеңіп алды. Париж Олимпиадасынан бұйырған жалғыз алтын жүлде дзюдошы Елдос Сметовтің еншісінде. Ол 60 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Ал күміс жүлдені гимнастшы Нариман Құрбанов пен грек-рим стиліндегі күрес балуаны Демеу Жадраев (77 келіге дейін) және боксшы Нұрбек Оралбайлар (80 келіге дейін) олжалады.

Қола жүлдегерлер қатарында Назым Қызайбай (бокс, 50 келіге дейін), мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтбаев (аралас командалық жарыс) және дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев бар.

XXXIII Жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты Астана уақытымен 23:15-те басталады.

Фото: Тұрар Қазанғапов

Байланысты жаналықтар

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025

"Украинаға жұмыс істейді". Ресейде әйел курткасы үшін "экстремизм" күдігімен ұсталды

12.05.2025
MalimBlocks
Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады