«Рухани жаңғыру» жаңа серпінмен жұмыс істейді

  • 21.10.2021

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асып жатқан кіші бағдарламалар да аз емес. Бірақ, елдің іргесін бекітіп, ұлттық рухын, қазақы болмысын нығайта түсу үшін қанша жұмыс істесе де аздық етері сөзсіз. Биылғы 10 ұлттық жобаның ең негізгісі де осы Рухани жаңғыру болып қала бермек. Осы ретте астанадағы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде үш бірдей министрліктің – ҚР  Мәдениет және спорт, Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым министрліктерінің «Ұлттық рухани жаңғыру»: негізгі бағыттар» тақырыбында брифинг өткізілді.

Брифингте қазір жаңадан жасалып жатқан «Ұлттық Рухани жаңғыру» Ұлттық жобасы таныстырылды. Бұл туралы осы брифингке арнайы келіп қатысқан Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Нұрғиса Дәуешов айтты.

Дәуешовтың айтуынша, бұл бағдарлама шыққалы бері соның атын пайдаланып, мемлекет қаржысын оңды-солды шашушылар да көп болған. Сол себепті, ендігі бағдарламаларды бүкіл ел болып жүргізудің, әр атқарылған шараның жалпы жұрттың көз алдында өтуі маңызды.

«Бүгінде салада бірқатар жүйелі сын-қатерлер байқалуда. Мемлекеттік мәдени күн тәртібін орталықтандырылмаған басқару республиканың әртүрлі өңірлерінде мәдениетті теңгерімсіз қаржыландыруға және соның салдарынан қоғамның құндылық дезинтеграциясының жоғары тәуекелдеріне алып келеді. Ұлттық тарих пен мәдениет туралы сапалы контенттің сұранысқа ие цифрлық көздерде болмауы халықтың бойында идеологиялық вакуумды қалыптастырады және соның салдарынан жалпыұлттық тұтастықты қалыптастыру процестеріне төмен деңгейдегі қатысуына алып келеді», - дейді вице-министр.

Осындай кемшіліктерді бодырмау үшін жауапты ведомство «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасында ерекше назарға алынып отыр. Мәселен, Ұлттық жобаның мәдениет саласы бөлігінде «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту және «Ел рухы» атты екі бағыт қарастырылған. Бұл екі бағыт бойынша мектеп жасындағы балаларды мәдени тәрбиемен қамту, «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру, мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру және отандық мәдени өнімді танымал ету сияқты міндеттер іске асады.

Бұл бағыттардағы әр бөлім өзінше жоспармен жұмыс істейді. Мысалы, «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру атты көрсеткішке сәйкес Министрлік 5 іс-шараны жүргізуді көздеп отыр. Оның бәрі балалар мен жасөспірімдердің оқу сауаттылығын арттыру мен кітап оқу мәдениетін дамытуға, отандық қаламгерлерді, соның ішінде жас ақын-жазушыларды мемлекет тарапынан ынталандыру мен қолдауға бағытталған. Ооқырмандардың кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған іс-шаралар балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуына ең қолайлы және қолжетімді бірден-бір орын – кітапханаларда жүргізілетін болады.

 

Осы тарапта биылғы «Балалар әдебиеті жылы» аясында өткерілген жұмыстарды министрлік ары қарай да жалғастыра бермек. Сондай-ақ 2007 жылдан бері тұрақты түрде жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Бір ел-бір кітап» оқу акциясы жаңа форматта ұсынылады. 2007 жылы Абайдың қара сөздерін бүкіл ел болып оқудан басталған акция 46 ақын-жазушыны қамтыпты. Әр ақын не жазушының бір кітабы ел болып оқылды деген сөз. Бұл эстафеталық акция да елдің кітапқа деген қызығушылығын арттырудың бір жолы деп қарастыруға болады.

Сонымен қатар өңірлердегі көпшілікке арналған кітапханалар ұйымдастыратын «Әдеби өлкетану» жобасы ұйымдастырылмақ. Бұл жоба арқылы бәлгілі бір өңірдің әдебиеті мен мен ақын-жазушыларын өзге өңірлердегі оқырмандарға таныстыру және насихаттауға басымдық берілетін болады.

Айта кету керек, бұл іс-шаралар қосымша қаржыландыруды талап етпейді екен.

Министрдің орынбасары бұдан бөлек бірнеше бағыт бойынша атқарылатын шаралардың тізімін келтірді. Соның бірі кітапхананың оқырмандарға ұсынатын онлайн қызметін жетілдіру мәселесі.

«Осыған орай Министрлік Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасының қызметін жетілдіру, модификациялау және оқырмандар үшін мобильді қосымшалар арқылы электрондық кітапхананы қолжетімді ету жұмыстарын жүргізетін болады. Елімізде 2007 жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы» ақпараттық жүйесі коронавирус пандемиясына орай әлемде, соның ішінде елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде еліміздегі және шетелдік оқырманға қазақстандық авторлардың шығармаларын қолжетімді етіп, кітап оқу мәдениетін насихаттауда үлкен рөл атқарды. Пандемиялық шектеулер кезінде Қазақстанның Ұлттық электрондық кітапханасының қызметін пайдаланушы оқырмандар саны 4 есеге өсіп, Ресей, АҚШ, Қытай, Түркия, Финляндия, Германия, Болгария, Румыния, Жапония, Оңтүстік Корея және т.б. секілді әлемнің 100-ден астам елдерінің оқырмандары пайдаланған», - деген көрсеткіштер келтірді вице-министр.

Әдебиеті нарық заңдылықтарына толықтай еніп болмаған елдерде әдебиетке мемлекеттің қолдауы өте қажет. Бұл оны аяққа тұрып алғанша жасалатын қамқорлық деп қарастыру керек. Соның бірі әдеби байқаулар мен конкурстар, жүлделер тағайындау екені сөзсіз. Министрлік отандық қаламгерлерді ынталандыру мақсатында 2022 жылдан бастап «Үздік балалар шығармасы», «Жылдың үздік кітабы» байқауын ұйымдастырмақ. Жаңа есімдерді көтеру мақсатында Қазақстан президентінің арнайы «Айбоз» әдеби сыйлығы тағайындалмақ.

Кәтап оқуды дамыту тек насихаттау мен дәріптеуден, ынталандырудан тұрмайды. Мұнда техникалық тұрғыда да біраз шаруа атқарылуы тиіс. Мысалы, көзі нашар көретіндерге немесе мүлде көрмейтіндерге арналған мүмкіндіктер. Бұл жайында да арнайы бөлім белгіленген.

​«Министрлік ұлттық жобаның «Ел рухы» II-бағыты аясында «Зағип және көзі нашар көретіндерге арналған кітапханалар қорын, соның ішінде мемлекеттік тілдегі ұлғайту» іс-шарасын жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыс еліміздегі мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тең қолжетімділікті қалыптастыру және олардың әлеуетін іске асыру мақсатында 2025 жылға дейінгі кезеңді қарастырады. Бұл бағыттағы жұмыстар еліміздегі зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалармен бірлесе жүргізіледі», - дейді Дәуешов.

Елімізде қазіргі таңда тіркелген нашар көретін оқырмандар саны 33 889; ал зағип оқырмандар 32 989 адамды құрап отыр. Егер жоғарыдағы жұмыстар атқарылып, зағиптар мен нашар көретін оқырмандарға мүмкіндіктер жасалса, бұл тізімнің арта түсетін анық. Өйткені, көптеген оқырмандар кітапханаларда (бәрінде емес әрине) арнайы мүмкіндіктер бар екенін біле бермейді. Қазір зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана жұмыс істейді, одан бөлек 7 облыстық, 4 қалалық, облыстық әмбебап кітапханалардың жанынан 5 арнайы бөлім, 5 филиал, мүмкіндігі шектеулі пайдаланушыларға қызмет көрсететін 111 кітапхана пункттері жұмыс істеп жатыр. Бұл, әлбетте, соншалық үлкен көрсеткіш емес. Аталған бағдарлама аясында бұл тізім бірнеше есеге ұлғаяды деп сенеміз.

Кітап оқудың заманауи тетіктерін білу және енгізу мәселесі де үлкен сұранысқа ие. Сол себепті, жергілікті жерлерден заманауи үлгідегі кітапханалар салу мен жөндеу зұмыстары жүргізілуге тиіс. Бұл туралы вице-министр былай дейді:

«Ел рухы» бағытында «Мәдениет объектілерімен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілуінің өсуі, оның ішінде шалғай аудандарда», «Мәдениет саласындағы отандық цифрлық ресурстарға кіру санын арттыру», «Жаңадан шығарылған отандық анимациялық фильмдердің саны», «Қазақстандық кинопрокаттың жалпы көлеміндегі отандық фильмдердің үлесі», «Қолдау көрсетілген шығармашылық жобалар саны» мақсатты көрсеткіштері қарастырылған. Бұл ретте 2025 жылға дейін 259 мәдениет нысаны салынып, 1241-і нысаны жөнделеді».

«Заманауи әлемдегі Қазақстан мәдениеті» бағдарламасымен үндесетін және қазақтың тарихы мен бүгінін насихаттайтын «Қазақстанның киелі географиясы» жобасын жүзеге асыру жұмыстары да тоқтамайды. Бұл жағынан министр орынбасары 40 түрлі іс-шара ұйымдастырылатынын айтады.

«Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен бекітілген 2021 жылға арналған археологиялық жұмыстарының жоспарына сәйкес ағымдағы жылы республикалық және жергілікті деңгейде 90-ға жуық объектілерде археологиялық жұмыстар жүргізу қарастырылған. Есепті кезеңде археологиялық зерттеу жұмыстары Жанкент, Қышқала, Ақтерек, Шымкент қалашықтарында, Ақмола облысындағы Атбасар, Запорожье, Алтынтау қорғандарында, Ақтөбе облысында Құрайлы некрополінде, Ботай, қонысы, Бозоқ, Бытығай, Есік, Рахат қалашықтарында жүргізіліп, қазақ тарихына қатысты тың деректер ғылыми айналымға енгізіледі», - дейді ведомство өкілі.

Бұл тек насихат қана емес, елдің туристік танымалдылығына арттыруға да ықпал ететін бағдарлама. Осыған орай инфрақұрылымды жақсарту және туристер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 2025 жылға дейін республикалық музей-қорықтардың аумағында 8 визит-орталық салынбақ көрінеді. Не де болса, «Рухани жаңғыру» бағдарламасына тағы бір серпін беріліп жатқан сияқты.

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық боксшы Сергей Липинец британдық Робби Дэвис-кішімен жекпе-жекке шығады

25.04.2024

Ислам Сәтбаев – Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген

24.04.2024

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

08.04.2024

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

03.04.2024

«Шахтер» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті

02.04.2024

Miami Open: Елена Рыбакина финалда жеңіліп қалды

31.03.2024
MalimBlocks
Қазақстандық боксшы Сергей Липинец британдық Робби Дэвис-кішімен жекпе-жекке шығады

Бокс 9-мамыр күні АҚШ-тың Поант-Сити қаласында өтеді. Липинец пен Дэвис бокс кешінің негізгі кездесуін жасайды.

Ислам Сәтбаев – Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген

Ол Қазақстан рекордын да орнатты.

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні

Ол кәсіпқой бокста 40 жекпе-жек өткізіп, 38-де жеңіске жеткен. ҚР спорт шебері.

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелген

Жыл басынан бері спорт саласында 39 жемқорлық қылмысы тіркелді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте агенттік төрағасы А. Жұмағалидің басшылығымен өткен ведомствоаралық мәжілісте айтылды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Шахтер» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті

Футболдан Қарағандының «Шахтер» командасының бас бапкері Игорь Солошенко өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Malim.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Miami Open: Елена Рыбакина финалда жеңіліп қалды

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі WTA турнирдің финалында Даниэль Коллинзді (53 WTA) жеңе алмады. Кездесу 7:5, 6:3 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.