Тағы да 140 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда соңғы тәуліктің ішінде 140 адам коронавирус инфекциясына шалдықты. Бұл туралы МӘЛІМ КЗ денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 3 042 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 246 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 283 науқас жатыр. 759 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 119 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 18 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.
Ресми мәлімет бойынша осы уақытқа дейін 110542 мың адам COVID-19 инфекциясын жұқтырса, 105 675 мыңы жазылып шыққан. 1796 адам көз жұмған.
Денсаулық сақтау министрлігі, коранавирус, соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар, Алексей Цой, науқастар, мәлікм кз
Фото: kazakh-tv.kz