Толғандырған тіл тағдыры немесе Дәурен Абаевқа ашық хат!

Дәурен Әскербекұлы, қоғам өзіңізді мемлекеттік идеологияға жауапты тұлға ретінде біледі. Ел дамуы жолындағы қайраткерлік қызметіңізден де хабардармыз. Бірақ кеше ғана Александр Трухачев есімді журналиске берген сұхбатыңызда қазақ тіліне қатысты айтқаныңызды көріп, қолға қалам алуға бекіндім.

  • 13.08.2021

Дәурен Әскербекұлы, қоғам өзіңізді мемлекеттік идеологияға жауапты тұлға ретінде біледі. Ел дамуы жолындағы қайраткерлік қызметіңізден де хабардармыз. Бірақ кеше ғана Александр Трухачев есімді журналиске берген сұхбатыңызда қазақ тіліне қатысты айтқаныңызды көріп, қолға қалам алуға бекіндім. Сұхбатта айтылған жайттарды түйіндей келе, менде  мынадай үш сұрақ туындап отыр:

1. Ел азаматтарының 20 пайызы ғана орыс болғанымен, өзіңіз айтқандай, ел азаматтарының 90 пайызы әлі де орысша білуі және балалардың 30 пайызы орысша оқуы масқара емес пе? Керісінше, бұл егемендік алғанымызға 30 жыл өтсе де, қазақ тілі мемлекеттік тіл деген мәртебелі тұғырына қона алмай отырғанының көрінісі емес пе?

2. Дәуке, сұхбатта айтылған «пещерный национализм» деген анықтаманы жете түсінбедім. Ана тілге деген жанашырлық, оның болашағына деген алаңдаушылық бәрімізде де бар. Сонда бәріміз де осы санатқа жатамыз ба?

3. Бүгінде қоғамда қазақ тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тіліне айналуы керек деген пікір орнығып келеді. Алайда қазіргідей қалпымызбен біз мемлекеттік тілдің жағдайын қалай, қайтіп және қашан дұрыстаймыз? Бұған қатысты билік басындағылардың не ойлағаны бар?

Мұндай сұрақтар жалғыз менде емес, қазақ тілі мен төл руханиятымызға жаны ашитын әр азаматта туындады ғой деген сенімдемін. Қалың қазақтың атынан жолдаған сауал деп қабылдағайсыз.

Құрметпен, Маралтай Райымбекұлы
Ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты

Байланысты жаналықтар

Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

15.04.2025

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

14.04.2025

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

13.04.2025

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

13.04.2025

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

12.04.2025

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды

12.04.2025
MalimBlocks
Қазақстан құрамасы Словенияны 9:1 есебімен ойсырата жеңді

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспары белгілі болды

Қазақстандық оқушылар Жазғы гимназиадада 11 медаль алды

Әлем чемпионы ауылында қора тазалап жүр

Футбол жұлдызы Криштиану Роналдудың табысы қанша?

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду жылына кем дегенде 350 миллион еуро табыс табады

Қазақстан футбол федерациясының басшылығына шетел азаматы тағайындалды