Жалғыз өзің ауыр соққыны көтере алмайсың

Абай Нұржанұлы

  • 28.07.2021

Рио олимпиадасының күміс жүлдегері, боксшы Василий ЛЕВИТ жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

«Менің оқырмандарыма, жанкүйрелеріме жылы сөздері үшін рақмет айтқым келеді. Сіздер менің жеңісіме қуанып, жеңілісіме күйінесіздер. Спорт – менің өмірім! Боксшыларда кім құлап көрген жоқ, сол тұра да алмайды деген даналық сөз бар. Ауыр соққыны өзің жалғыз көтеру өте ауыр. Бірақ қолдауды сезінгенде бұл өмірде жалғыз емес екеніңді түсінесің! Отбасың, туыстарың, жанкүйерлерің жеңіс пен жеңілісте де қасыңда болады. Сол кезде өмірдегі ең қымбат жандар саған сенетін һәм түсінетін адам екенін түсінесің», - деп жазды спортшы фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Левит 91 келі салмақта алтынан үмітті боксшылардың бірі еді. Қостанай қаласының тумасы Испания намысын қорғайтын кубалық Эммануэль РЕЙСКЕ қарсы шыққан еді.

Кездесудің бірінші раунды 3:2 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды. Ал екінші раундтың басында қарсыласының ауыр соққысын өткізіп алған Левитке төрешілер техникалық нокаут жазды. Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталып, Испания боксшысы келесі айналымға өтті. 

33 жастағы Левит ұлттық құрамадағы ең тәжірбиелі боксшы. Үш дүркін Азия чемпионы, екі мәрте әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған. Рио олимпиадасының вице-чемпионы. 

Фото: фейсбук

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық сумошы Ерсін Балтағұл қатарынан 12-жеңісіне қол жеткізді

26.01.2025

«Өзбек тілін меңгеруіме тура келеді». Гуардиола Құсановтың алғашқы ойынына пікір білдірді

26.01.2025

Әйгілі Кабирхан жаңа маусымдағы алғашқы жарысына қатысты

25.01.2025

Қазақстан қоржынына Универсиаданың 12-ші жүлдесі түсті

22.01.2025

Cәкен Бибосынов бокстан ұлттық құрама сапынан шықты

22.01.2025

Ресми: Абдукодир Хусанов - "Манчестер Сити" ойыншысы

21.01.2025
MalimBlocks
Қазақстандық сумошы Ерсін Балтағұл қатарынан 12-жеңісіне қол жеткізді

Ол жалпы топты бастап тұр

«Өзбек тілін меңгеруіме тура келеді». Гуардиола Құсановтың алғашқы ойынына пікір білдірді

Өзбекстандық футболшының алғашқы ойыны сәтсіз өтті

Әйгілі Кабирхан жаңа маусымдағы алғашқы жарысына қатысты

Қазақстан қоржынына Универсиаданың 12-ші жүлдесі түсті

Cәкен Бибосынов бокстан ұлттық құрама сапынан шықты

Бас бапкері Қайрат Сәтжанов мұның себебін түсіндірді

Ресми: Абдукодир Хусанов - "Манчестер Сити" ойыншысы

Ол 45-нөмірмен ойнайды