Қазақстан экспортының негізгі бөлігі өтетін мұнай бағыттарына байланысты тәуекелдер қайтадан күн тәртібіне шықты. Қара теңіз бен Таяу Шығыстағы әскери шиеленістер халықаралық мұнай тасымалына қысым жасап отыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Мұндай жағдай Қазақстан мұнайының әлемдік нарыққа жеткізілуіне де жанама әсер етуі мүмкін.
Сондай-ақ, мұнай бағасының өсуі Қазақстан бюджеті үшін тиімді. Бірақ геосаяси тәуекелдердің ұлғаюы экспорттық бағыттардың тұрақтылығына қатысты жаңа мәселелер туындатып отыр. Энергетика саласы үшін алдағы күндер шешуші кезең болуы ықтимал.
Айта кетелік, Әлемдік нарықта Brent маркалы мұнайдың бағасы өсіп, барреліне 96,23 долларға жетті. Соңғы бір айда Brent құны 30%-дан аса қымбаттаса, жыл басынан бергі өсімі 40%-ға жуықтаған. Бұл - шикізат нарығындағы ең қарқынды өсу үрдістерінің бірі.