freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қашаған дауы: қылмыстық жауапкершілік жақындап келеді

Экономика
Қашаған дауы: қылмыстық жауапкершілік жақындап келеді
inbusiness.kz

Қазақстан билігі Қашаган кен орнын игеретін North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясының басшысына қатысты қылмыстық іс қозғау мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұған компанияның шамамен 2,3 трлн теңге (4,9 млрд АҚШ доллары) көлеміндегі экологиялық айыппұлды төлемеуі себеп болған, деп хабарлайды Malim.kz.

Reuters агенттігінің мәліметінше, аталған айыппұл Қашаған кен орнында күкіртті рұқсат етілген мөлшерден артық сақтағаны үшін салынған. Алайда NCOC және оның мердігерлері бұл айыппұлмен де, оған негіз болған айыптаулармен де келіспейді.
Айта кетелік, NCOC – Қашаған кен орнын игеретін оператор компания. Консорциум құрамына KMG Kashagan B.V., Shell Kazakhstan Development B.V., Total EP Kazakhstan, Agip Caspian Sea B.V., ExxonMobil Kazakhstan Inc., CNPC Kazakhstan B.V. және Inpex North Caspian Sea Ltd. кіреді.
Қазіргі уақытта Қашаған кен орнында тәулігіне шамамен 430-450 мың баррель мұнай өндіріледі. Бұл – Қазақстанның мұнай өндірісіндегі ең ірі жобалардың бірі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу