Жамбы атудан ұлттық құрама – әлем чемпионы

Дүбірлі дода «Мажар», «Азия», «Император», «Саран» стилдері бойынша өтті

Олжас Қасым

  • 19.06.2024

8-13 маусым аралығында Қытайдың Байинсиль елді мекенінде жамбы атудан әлем чемпионаты аяқталған болатын. Бұл сайысқа әлемнің 11 елінен 60-қа жуық мерген қатысты. Байрақты бәсекеде біздің жігіттер ерледі. Адырнадан ұшқан оқтары мүлт кетпей, үздіктер қатарынан көрінді. Жуырда елге оралған  спортшыларды командаластары мен жанкүйерлер күтіп алды.


«Көңіл күйіміз жақсы. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Негізгі қарсылас  моңғолиялықтар болды. Дайындықтары өте мықты. Жылдам оқтайды, атқа да көз ілеспес шапшаңдықпен мінеді.  Қолымыздан келгенше төтеп бердік»,- дейді Жамбы атудан әлем чемпионы Батыр Бексауыт.  

Ел намысын ұлттық құраманың мүшелері Абзал Тұлыбеков, Айтбек Сарыбай, Нұрсұлтан Бірлікбаев және Батыр Бексауыт қорғады. 4 күнге созылған дүбірлі дода «Мажар», «Азия», «Император», «Саран» стилдері бойынша өтті. Жамбы атудан ұлттық құраманың бас бапкері Елдос Бадашевтің айтуынша, жарыс жеребе бойынша өткен.  

«Өзіміз таңдау жасауға мүмкіндік бермеді. Кім қандай атпен шабады, оны  жеребе шешті. Бағымызға орай, бізге жүйрік тұлпарлар бұйырып, жоғары нәтиже көрсеттік»,-дейді Е.Бадашев.   

Күн шығыс елінде өткен дүбірлі додада жерлестерімізге ауа-райы қолайсыздық танытқан. Әсіресе, шаңды дауыл спортшыларға қиындық тудырған. Десе де мергендер тәжірибесінің озық екенін дәлелдеп шықты.

Жарыстың  соңғы күні «Саран» стилінде өтті. Бұрындары мұндай нысананы көздеп көрмеген мергендеріміз ұрымтал тұсты сәтті пайдаланды. Батыр Бексауыт финалда  моңғол спортшыларынан 1 ұпай артық алып, алтыннан алқа тақты. Осылайша 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен әлем чемпионатын аяқтадық. Енді  жамбы атушылар V–дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қамданып жатыр. 

Әлем жұртшылығы көшпелі елдердің ойындарын тағатсыздана күтіп отыр. Осыған дейін Қырғыстан мен Түркияда өткен бәсеке биыл қазақ жерінде байрағын желбіретеді. Айтулы аламанға аз қалды. Жарысқа қатысушы Федерациялар тыңғылықты дайындыққа кіріскен.

Айта кетейік, елордада  8-14 қыркүйек күндері ҰЛЫ ДАЛА ДҮБІРІ деп аталатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді деп көзделген.

Фото: Жамбы ату федерациясы 

Байланысты жаналықтар

Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

12.05.2025

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп

11.05.2025

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

09.05.2025

Ресей мен Қытай стратегиялық әріптестік туралы мәлімдеме қабылдады

08.05.2025

Ресей мен Қытай Үндістан мен Пәкістанды сабырлыққа шақырды

07.05.2025

Қазақстанның сыртқы саудадағы басты үш серіктесі қай елдер?

06.05.2025
MalimBlocks
Қытай мен АҚШ 90 күнге тарифтерді төмендетуге келісті

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздері жақсы өтті – Трамп

Си Цзиньпин келесі айда Қазақстанға келеді

Ресей мен Қытай стратегиялық әріптестік туралы мәлімдеме қабылдады

Ресей мен Қытай Үндістан мен Пәкістанды сабырлыққа шақырды

Қазақстанның сыртқы саудадағы басты үш серіктесі қай елдер?