freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ШҚО-да жоғалған ер адам аман-есен табылды

Қоғам
ШҚО-да жоғалған ер адам аман-есен табылды
Фото: ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданында жоғалып кеткен ер адамды іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақбұлақ ауылдық округінде 1965 жылы туған азаматты іздеуге ТЖД мен полиция қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар жұмылдырылды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ол мал бағу үшін шаруа қожалығынан жылқымен шығып, белгіленген уақытта қайтып оралмаған. Осыған байланысты ауқымды іздестіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Іздестіру шаралары түні бойы жүргізілді. Нәтижесінде ер адам Маубас пен Доғалбай фермаларының арасынан табылды.

Абырой болғанда, ол зардап шекпеген және медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу