Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

СҚО-дағы екі ауыл ішімдіктен толықтай бас тартты

Қоғам
СҚО-дағы екі ауыл ішімдіктен толықтай бас тартты

Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданына қарасты Жамбыл және Шағырсай ауылдарының тұрғындары ішімдік өнімдерін сатудан және тұтынудан толықтай бас тартты, деп хабарлайды Malim.kz СҚО прокуратурасының мәліметіне сілтеме жасап.

Аталған бастама «Заң және тәртіп» жобасы аясында прокуратура, әкімдік және жергілікті полиция бірлесіп жүзеге асырған.

Ауылдарда өткен жиналыста барлық тұрғындар бірауыздан салауатты өмір салтын қолдап, алкогольден саналы түрде бас тарту туралы шешім қабылдаған. Бұл бастамаға жергілікті дүкен иелері де қолдау білдіріп, ішімдік өнімдерін сатуды тоқтатып, сөрелерінен мүлде алып тастаған.

СҚО прокуратурасы бұл шешімді қоғам белсенділігі мен бірлігінің үлгісі деп бағалап отыр.

«Ауыл тұрғындарының саналы түрде ішімдіктен бас тартуы – қоғамның тәртіп пен денсаулықты бірінші орынға қойғанының айқын көрінісі. Бұл – құқықтық мәдениеттің артуына ықпал ететін маңызды қадам», – делінген ведомство хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, мұндай тәжірибе елдің басқа өңірлеріне де үлгі бола алады, әрі ол ауылдың әлеуметтік-мәдени дамуына оң әсер етеді.

Фото: pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу