Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Странджа» кубогының финалында 4 салмақта қазақ боксшысы өзара кездеседі

Спорт
«Странджа» кубогының финалында 4 салмақта қазақ боксшысы өзара кездеседі

Болгарияның София қаласында өтіп жатқан бокстан «Странджа» кубогының финалистері анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жартылай финалдағы 10 жекпе-жектің 8-інде отандастарымыз жеңіске жетті. Тек 2 кездесуде ғана төрешілер шешімімен отандастарымыз жергілікті боксшыларға жол берді.

Финалдағы 4 салмақ дәрежесінде қазақ боксшылары өзара жұдырықтасады:

63,5 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы –  Ертуған Зейнуллин

71 келі. Абылайхан Жүсіпов – Фарух Тоқтасынов

75 келі. Тимур Нұрсейітов – Сабыржан Аққалықов

86 келі. Нұрбек Оралбай –  Бекзад Нұрдәулетов.

4 боксшымыз жарыстың қола жүлдегері атанды.

Теміртас Жүсіпов (48 келі)

Оразбек Асылқұлов (57 келі)

Талғат Сырымбетов (60 келі)

Данияр Рахымбердиев (92 келі)

Қазақ боксшыларының финалдағы қарсыласы кімдер?

Финалдағы 3 жекпе-жек өзбек боксшыларына қарсы өтеді. Ұлттық құрама капитаны Айбек Оралбай мен Баходир Жалоловтың ізбасары саналатын Жахонгир Закировпен жұдырықтасады.

51 келі. Даниял Сәбит – Самет Гумуш (Түркия)

54 келі. Тимур Қабдеш – Шахзод Музафаров (Өзбекстан)

60 келі. Серік Теміржанов – Радослав Росенов (Болгария)

67 келі. Төрехан Сабырхан – Заур  Гахраманов (Азербайжан)

80 келі. Ерасыл Жақпеков – Фазлидин Еркинбоев  (Өзбекстан)

+92 келі. Айбек Оралбай – Жахонгир Закиров (Өзбекстан).

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу