Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.
Alash.kz сайтының жазуынша, белгілі өнер иелері Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекованың жалғыз ұлы Қазыбек жуырда шаңырақ көтермек. Осыған орай әнші болашақ келінімен алғаш рет жүздескенін айтып, сүйінші сұрады.
Жазира Байырбекова жариялаған жазбасында:
"Болашақ келініммен алғаш рет таныстым", – деп қысқа да нұсқа жазып, әсерлі фотосуреттерді қоса бөлісті.
Желі қолданушылары мен жанкүйерлер жұлдызды отбасыны құттықтау тілектерімен жарыса қуантты. Көпшілік жас жұпқа бақыт, береке тілеп, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.
