freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Суыт хабар жетті": Елге танымал фильмнің актері 89 жасында көз жұмды (ФОТО, ВИДЕО)

Әлем
"Суыт хабар жетті": Елге танымал фильмнің актері 89 жасында көз жұмды (ФОТО, ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Кеңестік және ресейлік актер, продюсер әрі кино қайраткері Николай Гаро 14 наурыз күні 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Оның қайтыс болғаны туралы ақпаратты актердің отбасы растады, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл хабар алғаш рет Эльдар Рязанов музейінің Telegram арнасында жарияланған. Онда музей ұжымы актердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғысына ортақтасатынын білдірген.

Николай Гаро кино саласына 1962 жылы келген. Ол өмірінің басым бөлігін кинематографиямен байланыстырып, ұзақ жылдар бойы түсірілім жұмыстарын ұйымдастырумен айналысқан.

1978 жылы ол ВГИК-тің экономикалық факультетін тәмамдаған. Кейін ұзақ уақыт бойы әйгілі "Мосфильм" киностудиясында фильм директоры қызметін атқарды. 1993 жылдан бастап продюсер ретінде жұмыс істей бастаса, 1995 жылы "Луч" киностудиясының бас директоры болды.

Кино саласында ол көптеген танымал режиссерлермен бірге жұмыс істеген. Олардың қатарында Леонид Гайдай, Георгий Данелия және Эльдар Рязанов бар.

Көрермен Николай Гароны экраннан да жақсы таниды. Оның алғашқы эпизодтық рөлі Леонид Гайдайдың "Кавказская пленница" комедиясында болған. Фильмде ол авторефрижератор жүргізушісінің рөлін сомдаған.

Ал актердің ең есте қалған рөлдерінің бірі – Георгий Данелияның "Кин-дза-дза!" фантастикалық фильміндегі Плюк планетасының билеушісі ПЖ мырза бейнесі.

1996 жылы Николай Гаро Эльдар Рязановтың "Привет, дуралеи!" фильмінде де рөл ойнады. Кейін ол режиссермен продюсер ретінде де бірнеше жобада жұмыс істеді. Оның продюсерлік қатысуымен түсірілген фильмдер қатарында:

  • "Привет, дуралеи!" (1996)
  • "Старые клячи" (2000)
  • "Тихие омуты" (2000)

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу