Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шығыс Қазақстан облысында көпірді су шайып кетті

Қоғам
Шығыс Қазақстан облысында көпірді су шайып кетті

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында Үйдене өзенінің деңгейі көтеріліп, көпірді су шайып кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, толассыз жауған жаңбыр және таудағы еріген қар суының салдарынан Үйдене өзенінің деңгейі көтерілген. 

Зайсан ауданы «Жарсу-Бақасу» ауылдарының аралығындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолындағы көпірдің шеткі бөлігін су шайып кетті. Жол жиегін қайта қалпына келтіру жұмыстары бүгін таңғы уақытта басталды, - делінген ақпаратта. 

Көлік қозғалысына шектеу қойылмады. Жол бойында кезекшілік ұйымдастырылған. 

Еске салсақ, осы айдың басында ШҚО-да көшкін қаупі сейіліп, халыққа тауға баруға рұқсат етілген болатын. 

Фото: 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу