Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкент тұрғыны жүкті әйелдердің декреттік төлемін алып отырған

Қоғам
Шымкент тұрғыны жүкті әйелдердің декреттік төлемін алып отырған

Шымкент қаласында жүкті келіншектерді жалған жұмысқа орналастырып, олардың әлеуметтік төлемдерін өз қажетіне жұмсап келген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz. Azattyq Rýhy-на сілтеп. 

Қалалық прокуратураның ақпаратынша, алаяқ жеке кәсіпкерлердің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, жүкті әйелдерді кәсіпорындарға жалған жұмысқа орналастырған. Одан кейін олардың атына әлеуметтік төлемдерді заңсыз рәсімдеп, ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Осылайша әлгі әйел мемлекетке 217 миллион теңге шығын келтірген.

Осы факті бойынша ҚК 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Қазір істің мән-жайын толық анықтау үшін тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу