Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Шымкенттік дәрігерлер үш жасар баланың асқазанынан 16 магнит алып шықты

Оқиға
Шымкенттік дәрігерлер үш жасар баланың асқазанынан 16 магнит алып шықты
видеодан скрин

Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасына іші қатты ауырған үш жасар бала жеткізілді. Дәрігерлер баланы тексеріп, оның 16 магнитті жұтып қойғанын анықтаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Баланың ата-анасының айтуынша, бала ойнап жүріп магниттерді жұтып қойған. Дәрігерлер баланы тексеру кезінде сәбидің іш аймағында айқын ауырсыну белгілері байқған.

Қабылдау бөлімінде балаға шұғыл түрде барлық қажетті медициналық шаралар көрсетіліп, содан кейін ол хирургия бөліміне жатқызылды. Құрсақ қуысына жүргізілген рентгенологиялық зерттеу барысында мамандар бөгде заттарды анықтады.

“Тиісті медициналық тексерулерден кейін балаға шұғыл операция жасалды. Видеоэзофагогастроскопия кезінде асқазан қуысынан диаметрі шамамен 0,5 сантиметр болатын 16 магнит табылды”, — деп мәлімдеді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Магниттер эндоскопиялық грассердің көмегімен баланың ағзасынан түгелдей алынды. Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық, Дәрігерлер оның өміріне төндірген бөгде заттар дер кезінде алынғанын айтты.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу