Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тағы бір фельдшер көз жұмды: Алматыда жойқын жол апаты болды (ВИДЕО)

Қоғам
Тағы бір фельдшер көз жұмды: Алматыда жойқын жол апаты болды (ВИДЕО)
istockphoto.com

Алматының Алатау ауданында, Сайын көшесінде ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Апат кезінде жедел жәрдем көлігі мен Kia маркалы жеңіл автокөлік соқтығысқан.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жедел жәрдем көлігі бұрылайын деп жатқан сәтте, Сайын көшесімен оңтүстік бағытта жоғары жылдамдықпен келе жатқан жеңіл автокөлік келіп соққан.

Қақтығыс салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары зардап шекті. Ең ауыр жарақатты жедел жәрдем фельдшері – 2002 жылы туған бойжеткен алған. Дәрігерлердің барлық көмегіне қарамастан, ол бірнеше сағаттан кейін ауруханада көз жұмды.

Қазір бұл факт бойынша адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы ретінде қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Астанада 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан да көз жұмған еді. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу