Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Талғарда өртенген марқұм Шерзаттың үйіне Ішкі істер министрінің орынбасары келді

Құқық
Талғарда өртенген марқұм Шерзаттың үйіне Ішкі істер министрінің орынбасары келді

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Аленов Талғар маңындағы ауылда өртенген үйге келді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша мен оқиға орнына келдім. Жедел-тергеу тобы құрылды. Менімен бірге Ішкі істер министрлігінің өкілдері қызмет атқаруда. Бейнежазбалар тексеріліп, куәгерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмыскерлер ұсталып, жауапқа тартылатын болады. Қылмыстық іс министрдің ерекше бақылауында, деді Бауыржан Аленов.

Айта кетейік, түнде Шерзаттың үйі толығымен өртке оранған еді. Бұл жағдайға байланысты полиция бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегімен іс қозғап, отбасына полиция күзетін қойып, Бас прокуратура да бұл мәселені жіті бақылауға алғанын хабарлаған.

Фото: скриншот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу