Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Таразда Дулати университетінде мемлекеттік емтиханнан кейін студенттер шу шығарды

Қоғам
Таразда Дулати университетінде мемлекеттік емтиханнан кейін студенттер шу шығарды

Тараздағы М.Х. Дулати атындағы өңірлік университеттің бітіруші курс студенттері мемлекеттік емтиханнан әділетсіз түрде сүріндік деп наразылық білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Аударма ісі мамандығы бойынша білім алған 66 студент емтихан кезінде оқытушылар тарапынан қысым көрсетілді, ал кей факультеттерге қайта тапсыру мүмкіндігі берілгенімен, өздеріне мұндай мүмкіндік қарастырылмады деп отыр.

Олар сынақ кезінде себепсіз тексеру, кемсіту, бейәдеп сөздер айтылғанын, ал кей топтар мүлде тексерусіз өткенін алға тартады.

Университет ректоры арнайы комиссия құрылып, мәселе тергелетінін мәлімдеді. Заң бұзғандар анықталса, шара қолданылады деді. Ал емтиханнан өтпей қалған студенттерге келесі жылы қайта тапсыруға рұқсат берілуі мүмкін.

Фото: facebook.com/dulatykz/

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу