Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 24 адамға жетті

Әлем
Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 24 адамға жетті

АҚШ-тың Техас штатында болған кенеттен су тасқыны салдарынан кемінде 24 адам қаза тапты. Бұл туралы Керр округінің шерифі Ларри Лейта 4 шілде күні кешкі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Қайтыс болғандардың арасында балалар да бар екені анықталды. Сонымен қатар, су тасқыны кезінде жазғы лагерьде демалып жатқан 20 қыз бала жоғалып кеткен. Оларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Шериф Лейта олардың кейбірі ағаштарға шығып, тірі қалуы мүмкін екенін айтып өтті.

Техас вице-губернаторы Дэн Патриктің айтуынша, жоғалған балалар Гуадалупе өзенінің маңындағы лагерьде демалған. Аталған өзеннің су деңгейі небәрі 45 минуттың ішінде 8 метрге көтерілген.

Фото: Eric Lyle Kayne/Getty Images

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу