freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тойдағы видеоға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Қоғам
Тойдағы видеоға байланысты қылмыстық іс қозғалды
https://admshlisselburg.ru

Ішкі істер министрлігі Түркістан облысында той кезінде түсірілген видеоға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Түркістан облысының 66 жастағы тұрғынының діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бар жария мәлімдемелері айтылған бейнежазба анықталған.

«Аталған факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады», – деп хабарлады ІІМ.
Министрлік Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, әрбір азаматтың жынысына, шыққан тегіне, әлеуметтік жағдайына, дінге көзқарасына және өзге де мән-жайларға қарамастан құқықтары мен бостандықтары тең қорғалатынын еске салды.

Сонымен қатар ведомство сөз бостандығы заң алдындағы жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті. ІІМ заң талаптарын бұзу белгілері бар кез келген жария мәлімдемеге құқықтық баға берілетінін ескертті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу