Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алатау қаласының арнайы құқықтық режимі туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Malim.kz.
Конституциялық заңның негізгі мақсаты – Алатау қаласының жедел әрі тұрақты дамуына жағдай жасау.
Қаланың бірегей құқықтық мәртебесі инновация, инвестиция және экономикалық өсімге қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған дербес экожүйені құрудың түбегейлі жаңа тәсілін білдіреді.