freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Никол Пашинянды қызметіне қайта тағайындалуымен құттықтады

Саясат
Тоқаев Никол Пашинянды қызметіне қайта тағайындалуымен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения Премьер-министрі лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтап, армян халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Никол Пашинян жылы лебізге ризашылығын білдіріп, Қазақстан Президенті мен халқына Құрылтай сайлауын сәтті өткізуге тілектестігін жеткізді.

Президент пен Премьер-министр қазақ-армян қарым-қатынасы қарқынды түрде дамып келе жатқанына көңіл толатынын атап өтіп, екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екендерін растады.

Сонымен қатар бұған дейін, соның ішінде былтыр қараша айында Армения Үкіметі басшысының Астанаға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысы талқыланды.

Сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейтуге баса назар аударылды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу