freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірімен телефон арқылы сөйлесті

Саясат
Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент аймақта қақтығыстың өршіп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, осынау күрделі кезеңде Әмір мен бауырлас Қатар халқына тілектес екенін айтты.

Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстанның ұдайы қолдауы үшін ризашылығын жеткізіп, екі ел арасындағы сан қырлы қарым-қатынасты достық және стратегиялық серіктестік рухында одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

Қазақстан Президенті қасиетті Рамазан айында Қатар Әмірінің мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Қатар халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу