freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Төреғали Төреәлі жетінші сәбиінің суретін көрсетті (ФОТО)

Шоу-бизнес
Төреғали Төреәлі жетінші сәбиінің суретін көрсетті (ФОТО)
Фото: instagram.com/toregalitoreali

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жетінші сәбиі дүниеге келгенін хабарлап, нәрестемен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Аллаға шүкір, бүгін жетінші перзентім дүниеге келді. Бұл – жай ғана жаңалық емес. Бұл – өмірдің жаңа тынысы, жауапкершіліктің жаңа деңгейі. Бұл жолы төртінші рет кесар тілігі жасалды. Шынымды айтсам, қатты уайымдадым. Бірақ ер адам ретінде тек сырттай күтіп тұруды емес, осы сәттің ішінде болуды таңдадым. Қызымды өз қолыммен қарсы алдым, – деді әнші.

Төреғали Төреәлі жетінші қызының есімін Мәриям деп қойғанын айтты. Бұл есімді сәбидің нағашы атасы мен нағашы әжесі екеуі ырымдап ұсынған.

Кіндік әкесі мен кіндік шешесі – менің продюсерім Жан Муканов пен Асыл жеңгем. Бұл да – сенім, бұл да – жақындық. Аллаға сансыз шүкір, анасы да, қызым да аман-есен. Мәриәм, сенің келуің – мен үшін тағы бір белес. Енді мен тек әке емес, жеті баланың алдында жауапты адаммын, – деп жазды әнші.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу